DSC_9621
16 февраля 2026 г.

ТҮРКСОЙ-да түрікмен киносының 100 жылдығы аталып өтті

16 февраля 2026 г.

ТҮРКСОЙ-да түрікмен киносының 100 жылдығы аталып өтті

Халықаралық ТҮРКСОЙ түркі мәдениеті ұйымы Түрікменстанның Анкарадағы Елшілігінің ұйымдастыруымен «Өткеннен бүгінге дейінгі түрікмен киносы» атты халықаралық жиын өтті. ТҮРКСОЙ Бас хатшылығында өткен бұл шара Оғызхан атындағы «Түрікменфильм» бірлестігінің 100 жылдығына арналады.

Іс-шараға Түрікменстанның Мәдениет министрі Атагелді Шамурадов, ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев, Түрікменстанның Анкарадағы Елшісі Мекан Ишангулиев, Эгей университеті ректорының орынбасары Мехмет Эрсан, Түрікменстан Телевизия, радио тарату және кинематография жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары Аннасахет Какаев, Оғызхан атындағы «Түрікменфильм» бірлестігі төрағасының орынбасары Сахысалых Байрамов, Халықаралық кино қауымдастығының төрағасы Назиф Тунч, ТҮРКСОЙ-ға мүше елдердің мәдениет өкілдері, ғалымдар, кино қайраткерлері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Бағдарлама түрікмен киносының ғасырлық мұрасын және ТҮРКСОЙ-дың түркі дүниесіндегі мәдени ынтымақтастық миссиясын таныстыратын бейнероликтер көрсетілімінен басталды.

Сұлтан Раев: «Түрікмен киносы – ортақ мәдени мұрамыздың ажырамас бөлігі»

Ашылу сөзінде ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев түрікмен киносының 1926 жылы Ашқабатта бастау алған тарихына тоқталып:

«Оғызхан атындағы «Түрікменфильм» бірлестігінің 100 жылдығын шын жүректен құттықтаймын. Бір ғасырлық бұл тағылымды жол түрікмен ұлттық киносының қалыптасуы мен кемелденуін айғақтайтын бірегей мәдени мұра», – деді.

Ол соғыс жылдары мен табиғи апаттарға қарамастан кино саласының үздіксіз дамып, берік дәстүр қалыптастырғанын атап өтті. Әсіресе, 1960 жылдардан бастап халықаралық деңгейде мойындалған туындылар арқылы үлкен шығармашылық мектеп қалыптасқанын айтты.

Бас хатшының сөзінше, түрікмен киносы ТҮРКСОЙ үшін түркі халықтарының ортақ мәдени мұрасының ажырамас бөлігі әрі рухани жақындасудың маңызды құралы. «Бүгінде түрікмен киносын жас буын режиссерлер мен өнер иелері әрі қарай дамытып, жалғастырып жатыр. Ұлттық құндылықтарға негізделген жаңа туындылар түркі дүниесінің ортақ мәдени жадын байытып келеді», – деді Сұлтан Раев.

Түрікменстанның Анкарадағы Елшісі Мекан Ишангулиев 2026 жылдың ел тәуелсіздігін нығайту және тұрақты бейтараптық қағидаттарын ілгерілету тұрғысынан айрықша маңызға ие екенін атап өтті. Ол Түрікменстанның халықаралық мәдени байланыстарды нығайтуға ерекше мән беретінін жеткізді.

Елші Түркияда өткен Түрікменстан кино күндерінің екі ел арасындағы мәдени тәжірибе алмасуға серпін бергенін айтты. Сонымен қатар Оғызхан атындағы «Түрікменфильм» бірлестігінің 100 жылдығы ұлттық мәдениет тарихындағы маңызды кезең екенін атап өтті. ТҮРКСОЙ-мен бірлесе ұйымдастырылып келе жатқан «Қорқыт ата» кино фестивалінің түркі дүниесіндегі мәдени ынтымақтастықты нығайтатын беделді алаңға айналғанын мақтанышпен жеткізді.

Атагелді Шамурадов: «Түрікмен киносының тамыры тереңде жатыр»

Түрікменстанның Мәдениет министрі Атагелді Шамурадов өз сөзінде Түрікменстан мен ТҮРКСОЙ арасындағы достық мәдени байланыстардың тұрақты дамып келе жатқанын айтты.

«Оғызхан атындағы «Түрікменфильм» бірлестігінің 100 жылдығына арналған бұл тағылымды басқосу ТҮРКСОЙ-мен арадағы игі ынтымақтастықты нығайтуға және түрікмен киносының жетістіктерін кеңінен танытуға зор мүмкіндік береді», – деді министр.

Сондай-ақ ол түрікмен ұлттық киносының тарихы 1926 жылдың 7 ақпанында басталғанын еске салды. 1935 жылы «Men Gaýdyp Gelerin» («Қайтып ораламын») атты алғашқы толықметражды фильм түсірілсе, 1936 жылы «Umbara» картинасы жарық көрген.

1960 жылдары режиссер Булат Мансуров түсірген «Şukur Bakhşı» фильмі Түркістан (Орта Азия) киноөнерінде поэтикалық бағыттың қалыптасуына жол ашқанын, ал Алты Гарлиевтің «Aygytly Ädim» («Нық қадам») фильмі кеңінен танылғанын атап өтті.

Бүгінде Оғызхан атындағы «Түрікменфильм» бірлестігі заманауи технологиялармен жабдықталғанын айтқан министр «İsterin», «Besteci», «Kemala», «Törebeg Hanım», «Gızıl Kürtle», «Ağaç», «Gızıl Alma» секілді тарихи әрі заманауи тақырыптағы фильмдердің түсіріліп жатқанын жеткізді. Сондай-ақ түрікмен киногерлерінің халықаралық фестивальдерде иеленген марапаттарын атап өтті.

Панельдік талқылау

Ресми ашылудан кейінгі бөлімде түрікмен киносының тарихи дамуы, көркемдік ерекшелігі мен бүгінгі бағыты сөз болды.

Алғаш болып сөз алған режиссер, Халықаралық кино қауымдастығының төрағасы әрі «Қорқыт ата» түркі дүниесі кино фестивалінің негізін қалаушы Назиф Тунч түрікмен киносын аталған фестиваль аясында кеңірек танығандарын айтты.

«Түрікмен киносы қазақ, қырғыз, өзбек және әзербайжан киносы секілді әлемге жаңа моральдық ұстаным, мейірім, эстетика мен сұлулық ұсынады. Голливуд қалыптастырған дарашыл көзқарасқа қарсы түркі дүниесі киносы бауырластық пен адамгершілік құндылықтарын алға тарта алады», – деді ол.

Түрікменстан Телевизия, радио хабарлары және кинематография жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары Аннасахет Какаев ТҮРКСОЙ-дың 33 жылдан бері түркі халықтарының бірлігін нығайту, ортақ мәдени мұраны сақтау және жаңғырту бағытындағы еңбегіне тоқталды.

Оғызхан атындағы «Түрікменфильм» бірлестігінің ғасырлық тарихында «Şukur Bagşy», «Aygytly Adım», «Gelnälyjy», «Menim Dostum Meleguş», «Jadyly Jevahir», «Kärizgenler» секілді халықаралық деңгейде танылған фильмдер түсірілгенін айтты.

Оғызхан атындағы «Түрікменфильм» бірлестігі төрағасының орынбасары Сахысалых Байрамов кино өнері тек экрандағы туынды емес, халық тарихымен тығыз сабақтас рухани шежіре екенін атап өтті. 1926 жылдан бері Алты Гарлиев, Булат Мансуров, Меред Атаханов сынды режиссерлердің ел ықыласына бөленген фильмдер түсіргенін айтты.

Соңғы жылдары «Gyzyl Kürte», «İsterin», «Gyzyl Alma», «Kitap», «Kompozitor» фильмдері халықаралық фестивальдерде жүлде алғанын жеткізді. «Kompozitor» фильмі Ресей Федерациясында «Алтын көбелек» сыйлығын иеленгенін, 2023 жылдың қазан айында өткен «Arkadagyň Säheri» халықаралық кино фестивалі түрікмен киносы тарихындағы айтулы оқиға болғанын атап өтті.

Эгей университеті ректорының орынбасары Мехмет Эрсан кино өнерінің адам сезімі мен ой-санасына әсер ететін ғажайып күшін атап өтті.

«Бүгінде өзімізді әлемге мазмұнды әрі әсерлі түрде таныта аламыз. Түркі дүниесінің киногерлерін бір арнаға тоғыстырып, түркі мәдениетін, дәстүрін, әділет ұстанымын әлемдік аудиторияға таныту мақсатында «Қорқыт ата» кино фестивалімен қатар, ТҮРКСОЙ мен Мәдениет министрлігінің Кино бас басқармасының қолдауымен «Turan» кино фестивальдерін ұйымдастыруға ықпал еттік», – деді ол.

Қысқаметражды фильм көрсетілімі

Шара барысында түрікмен киносының көркемдік қуатын айғақтайтын «Galnış Atları» атты қысқаметражды фильм көрермен назарына ұсынылды.

Бағдарлама соңында панельге қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.

17 ақпан күнгі көрсетілімге шақыру

Іс-шара қорытындысында 17 ақпанда Яшар Кемал залында «Besteci: Müziğin Mucizesi» фильмі көрсетілетіні хабарланды. Түркі дүниесінің музыкасы мен кино өнерін тоғыстырған туындыны Анкара тұрғындары тегін тамашалай алады. 

Медиа галереясы

DSC_9842
DSC_9822
DSC_9819
DSC_9803
DSC_9781
DSC_9796
DSC_9771
DSC_9737
DSC_9717
DSC_9728
DSC_9714
DSC_9705
DSC_9703
DSC_9696
DSC_9642
DSC_9691
DSC_9621
DSC_9588
DSC_9584
DSC_9572
DSC_9554
DSC_9564
DSC_9545
DSC_9539
DSC_9532
DSC_9534
DSC_9518
DSC_9521
DSC_9506
DSC_9488
DSC_9469
DSC_9475
DSC_9463
DSC_9456
DSC_9430
DSC_9425
DSC_9415
DSC_9408
DSC_9393
DSC_9392
DSC_9386
DSC_9384
DSC_3904
DSC_3897
DSC_3894
DSC_3888
DSC_3885
DSC_3871
DSC_3861
DSC_3828
DSC_3835
DSC_3821
DSC_3815

© 2022 TÜRKSOY - Барлық құқық сақталған