― 27 февраля 2024 г.
ТҮРКСОЙ-да Қырғыз халқының айтыскер ақыны Барпы Әліқұловтың 140 жылдығы атап өтілді
Шараға ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев, Қырғыз Республикасының Анкарадағы Елшісі Руслан Қазақбаев және Қырғыз Республикасы Президентінің Жалал-Абад облысындағы уәкілетті өкілі Әбсаттар Сырғабаев қатысты.
Шараның салтанатты ашылуында сөз алған Раев Барпы Әліқұлов жасаған өнер қырғыз халқын ғана емес, күллі түркі әлемін қызықтыратын әмбебап қасиеттерге ие екенін жеткізді. «Барпы өлеңдері ортақ түркі әлемінің мәдениетінің және ортақ ой өрісіміздің көрінісі. Оның өнеріндегі адам құқығы, махаббат, бостандық, әділдік сынды әмбебап тақырыптар әлем қамтитын суреткер екенін дәлелдейді. Анадолыдағы әншілік дәстүрдің ең табысты өкілдерінің бірі Ашык Вейсел болды. Барпы сияқты ол да аспабы арқылы Түркі әлемінің жүрегінен өз орнын алды», – деді ол.
Бас хатшыдан соң сөз алған Қырғыз Республикасының Анкарадағы Елшісі Руслан Қазақбаев Барпы Әліқұловтың көркем тұлғасы мен шығармаларының философиялық тереңдігіне тоқталып, «Түркі әлемінің мәдени бірлігі бүгінгі әлемде өте маңызды қажеттілік. Біз бір тамырмен қоректенетін ұлы ағаштың бұтақтарымыз. Бірлігімізді, ынтымағымызды, бауырластығымызды нығайтуымыз керек. Режеп Тайып Ердоған мырза айтқандай, 21-ғасыр түркіәлемінің ғасыры болады», – деді.
Басқосуда сөз сөйлеген Қырғыз Республикасы Президентінің Жалал-Абад облысындағы уәкілетті өкілі Әбсаттар Сырғабаев өз сөзінде: «Барпы Әліқұловқа арнап шығармашылық шара өткізіп жатқан жүз ТҮРКСОЙ ұйымының маңызы зор. Бас хатшы Сұлтан Раевқа осындай маңызды жұмысты қолға алғаны үшін алғыс айтқым келеді», – деді
Іс-шараның панель бөлімінде Сүлеймен Қайыпов, Якуп Өмероглу, Осман Арыжан және Сабырбек Бөрүбай сынды зерттеуші ғалымдар Барпы Әліқұловтың өмірі мен өнері жайлы баяндамалар оқыды.
Жиын марапаттау рәсімімен аяқталды. Кеш соңында комуз шоуы мен «Манас» дастаны орындалды.