DSC_3590
26 июня 2025 г.

ТҮРКСОЙ-да Атантай Акбаров пен Өктөм Қалиеваның кітаптары таныстырылды

26 июня 2025 г.

ТҮРКСОЙ-да Атантай Акбаров пен Өктөм Қалиеваның кітаптары таныстырылды

Халықаралық ТҮРКСОЙ түркі мәдениеті ұйымының Анкарадағы штаб-пәтерінде өткен арнайы шарада қырғыз әдебиетінің қос қаламгері Атантай Акбаров пен Өктөм Қалиеваның шығармалары таныстырылды. Әдебиеттің біріктіруші күшіне тоқталған бағдарламада түркі әлемінің мәдени байланысын нығайтқан мазмұнды әңгіме айтылды.

ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раевтың жетекшілігімен өткен шараға Қырғыз Республикасының Анкарадағы Елшісі Руслан Казакбаев, Анкара Әлеуметтік ғылымдар университетінің ректоры Мұса Казым Арыжан, ғалымдар, жазушылар мен әдебиет сүйер қауым қатысты.

Бағдарламаның ашылуында сөз сөйлеген ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев қырғыз халқының жүрегінен «халық ақыны» ретінде орныққан Атантай Акбаровтың «Аналар – жер бетіндегі періштелер» атты шығармасында поэзияның халықпен орнатқан ежелден келе жатқан байланысын еске түсіретінін айтты. Өктөм Қалиеваның «Серахси және Сардал қыз» кітабының түркі әлемі әйелдерінің сезімталдығын, тарихи санасын көрсететін маңызды әдеби үлгі екенін айтқан Раев: «Бұл шығармалар түркі әлемінің жүректен жүрекке жол тауып, рухани тазаруына үлес қосады, әдебиеттің емдік күшін қайта ашады», - деді.

Салтанатты жиында сөз алған ASBU ректоры, профессор, доктор Мұса Казым Арыжан Атантай Акбаровтың тек ақын ғана емес, сонымен бірге адамгершілік, ар-ождан, мейірімнің мәніне философиялық көзқарасты қалыптастыратын құдіретті қалам екеніне тоқталды. Акбаровтың шығармашылығын «Түркі әлемі мен әлем әдебиетінің поэзия атласы» деп сипаттаған Арыжан: «Шыңғыс Айтматовтың хикаялар мен романдар арқылы жасағанын Атантай Акбаров поэзиямен де өмір сүреді» деді. Ол Қалиеваның жұмысында әйел арқылы абырой мен ойды өнерге айналдыратын ерекше стиль бар екеніне назар аударды.

Қырғыз Республикасының Анкарадағы елшісі Руслан Қазақбаев құттықтау сөзінде әдебиеттің жанды емдейтін сала екеніне тоқталып, екі қаламгердің де шығармаларының түркі әлеміне ортақ мұра екенін айтты. «Қырғыз әдебиетінің тереңдігі мен эстетикалық күшін көрсететін бұл туындыларды насихаттауға үлес қосқаныма өте қуаныштымын», - деді ол.

Бұл дүниедегі аналар періштелер кітабының авторы Атантай Акбаров өз сөзінде: «Кітабымда атап өткендей, түркі халықтары бір кемеде жүзіп келеді. ТҮРКСОЙ-дың бұл бағыттағы жұмысы біздің ортақ тағдырымыздың мәдени баламасы болып табылады және өте мағыналы миссияны атқарады. ТҮРКСОЙ ұйымыныңқолдауы, байланысты жалғастырудағы маңызы зор», - деді. 

Сондай-ақ ол Айтматовты әлемге танытқан халықтың перзенті ретінде түркі әлеміне арнаған өлеңдерімен із қалдырғысы келетінін жеткізді.

Ашылу сөзінен кейін Атантай Акбаровтың «Аналар – жер бетіндегі періштелер» және Өктөм Қалиеваның «Серахси мен Сардал қыз» кітабының тұсауы кесілді. Салтанатты шарадан кейін авторлар өз шығармалары туралы ақпарат берсе, Акбаровтың поэзиялық кеші бағдарламаға ерекше сән берді.

Түркі әлемінің мәдениеті мен әдебиетіне қосқан үлесі үшін Атантай Акбаровқа ТҮРКСОЙ медалі, ал Өктөм Қалиеваға ТҮРКСОЙ ұйымы тарапынан арнайы сертификат табысталды.

Медиа галереясы

DSC_3640
DSC_3653
DSC_3637
DSC_3633
DSC_3625
DSC_3621
DSC_3599
DSC_3610
DSC_3590
DSC_3585
DSC_3571
DSC_3575
DSC_3565
DSC_3553
DSC_3548
DSC_3535
DSC_3529
DSC_3533
DSC_0306
DSC_0315
DSC_0269
DSC_0258

© 2022 TÜRKSOY - Барлық құқық сақталған