WhatsApp Image 2026-06-16 at 10.55.24
16 июня 2026 г.

ТҮРКСОЙ Бас хатшысының орынбасары Сайит Юсуф жұмыс сапарымен Үскіпке барды

16 июня 2026 г.

ТҮРКСОЙ Бас хатшысының орынбасары Сайит Юсуф жұмыс сапарымен Үскіпке барды

Халықаралық ТҮРКСОЙ түркі мәдениеті ұйымы Бас хатшысының орынбасары Сайит Юсуф Солтүстік Македонияның астанасы Үскіпке арнайы барып, бірқатар кездесулер мен келіссөздер өткізді.

Сайит Юсуф алдымен Түркиядан тыс жерде түрік тілінде білім беретін жалғыз жоғары оқу орны – Халықаралық Визион университетінің түлектерді шығарып салу салтанатына қатысты.

Сондай-ақ ол Түркия Республикасының Үскіптегі Төтенше және Өкілетті Елші Фатих Улусоймен кездесті. Келіссөз барысында ТҮРКСОЙ мен Солтүстік Македония арасындағы мәдени ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланып, ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раевтың шілде айының бірінші аптасына жоспарланған Солтүстік Македонияға ресми сапарының дайындық барысы пысықталды. Сонымен қатар, кездесуде түркі әлемі мен Балқан түбегі арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға бағытталған жұмыстар талқыланды.

Зия Гөкалптың идеялық әлемі сахна төріне шығады

Бас хатшы орынбасары Саит Юсуф бұдан Үскіптегі Юнус Эмре институтының үйлестірушісі Юнус Дилбермен, сондай-ақ Солтүстік Македония Түрік театрының директоры Осман Алимен де кездесті. Театрда өткен басқосуда ТҮРКСОЙ тарапынан жарияланған «2026 жыл – Зия Гөкалпты еске алу жылы» шеңберінде атқарылып жатқан іс-шаралар сөз болды. Сондай-ақ, Түркияның Мәдениет және туризм министрлігі Мемлекеттік театрлар бас дирекциясы сахналаған «Көкке жазылған Алып» (Göğe Yazılmış Bir Alp) атты театр қойылымының қыркүйек айының бірінші аптасында Үскіпте көрерменге жол тартуына қатысты дайындық мәселелері талқыланды. Зия Гөкалптың идеялары мен ой-толғамдарын сахна өнері арқылы қалың бұқараға жеткізуді мақсат еткен бұл туынды Солтүстік Македониядағы өнерсүйер қауыммен қауышып, түркі әлемінің ортақ мәдени жадына елеулі үлес қосатыны айтылды.

Сайит Юсуф сапар соңында «Йени Балкан» (Yeni Balkan) газетінің иесі әрі бас редакторы Мүртеза Сулооджамен кездесіп, басылымға арнайы сұхбат берді. Әңгіме барысында ТҮРКСОЙ-дың жалпы түркі әлемі деңгейінде атқарып жатқан қызметі, Зия Гөкалпты еске алу жылының іс-шаралары және Солтүстік Македониямен дамып келе жатқан мәдени ынтымақтастық туралы пайымдаулар жасалды.

ТҮРКСОЙ-дың Солтүстік Македониямен қатар, күллі Балқан аймағындағы қандас бауырлармен тарихи және мәдени байланыстарды нығайту, ортақ мұраны қорғау және оны келешек ұрпаққа аманаттау бағытындағы жұмыстарын табандылықпен жалғастырып жатқаны ерекше атап өтілді.

Медиа галереясы

WhatsApp Image 2026-06-16 at 10.55.24 (2)
WhatsApp Image 2026-06-16 at 10.55.24 (1)

© 2022 TÜRKSOY - Барлық құқық сақталған