― 25 марта 2026 г.
TҮРКСОЙ Бас хатшысының орынбасары Сайит Юсуф «TRT Avaz» телеарнасына «Зия Гөкалп жылы» жайында сұхбат берді
TҮРКСОЙ Бас хатшысының орынбасары Сайит Юсуф «TRT Avaz» арнасына сұхбат беріп, түркі дүниесі көшбасшыларының бірі Зия Гөкалптың 150 жыл толуына орай «Зия Гөкалп жылы» аясында жоспарланған іс-шаралар туралы маңызды мәлімдемелер жасады.
«Түріктердің Отаны тек Түркия ғана емес, ТҮРКІСТАН...»
Сөзін Гөкалптің әйгілі «Тұран» өлеңімен бастаған Сайит Юсуф Зия Гөкалптың тек Tүркия Республикасының идеялық негізін қалаушы ғана емес, сонымен бірге күллі түркі әлемінің мәдени және ұлттық болмысын қалыптастыру жолында бағыт-бағдар берген тұлға екеніне тоқталды.
Оның айтуынша, Гөкалп – түркілер өмір сүрген жерді ортақ Отан деп таныған ұлы әлеуметтанушы әрі ұлт қайраткері.
2026 жылдың мазмұнды өтетінін атап өткен Сайит Юсуф мерейтойлық іс-шаралар 26 наурыз күні басталатынын жеткізді:
- Салтанатты ашылу: Мехмет Нури Эрсойдың қатысуымен тарихи «Түркі ожаклары» залында (Кескіндеме және мүсін музейі) өтеді.
- Ғылыми кезең: 26 наурыз күні «Türk Tarih Kurumu»-нда панель, ал 28 наурызда «Türk Dil Kurumu» ұйымдастыратын симпозиум арқылы ғылыми негізі нығайтылмақ.
- Диарбакыр және жалғасы: Мамыр айының ортасында Гөкалптың туған жері Диарбакыр қаласында Dicle университетімен бірлесіп ауқымды іс-шаралар топтамасы өтеді.
Гөкалп самалы ескен жерлер
Сайит Юсуфтың айтуынша, іс-шаралар тек Түркия аумағымен шектелмейді. Баку қаласында өтетін «І Түркология құрылтайының» 100 жылдығына арналған шаралардан бастап, Орта Азия астаналары, Балкан елдері, сондай-ақ Гөкалп өмірінің бір кезеңі өткен Malta аралына дейін панельдер, театр қойылымдары мен концерттер ұйымдастырылады.
Сонымен қатар «TRT Avaz» және «Devlet Tiyatroları» бұл үдеріске арнайы жобалар арқылы қолдау көрсетпек.