WhatsApp Image 2026-08-25 at 18.49.05 (1)
25 августа 2026 г.

ТҮРКСОЙ Бас хатшысының орынбасары Сайит Юсуф Трабзонда бірнеше кездесу өткізді

25 августа 2026 г.

ТҮРКСОЙ Бас хатшысының орынбасары Сайит Юсуф Трабзонда бірнеше кездесу өткізді

Халықаралық ТҮРКСОЙ түркі мәдениеті ұйымы Бас хатшысының орынбасары Сайит Юсуф жұмыс сапары аясында Трабзонның әкімдігі мен университеттерінде болды.

Трабзон әкімінің міндетін атқарушы  Әли Йылмазбен кездескен Сайит Юсуф ТҮРКСОЙ қызметі мен ортақ мәдени жобалар жайын сөз етті.

Сайит Юсуф сұхбат барысында жасаған мәлімдемесінде ұйым ретінде түркі республикалары мен бауырлас халықтар арасындағы байланысты нығайту бағытында жұмыс істеп жатқандарын атап өтіп, былай деді:

«Бәріміз бір дүниеге қызмет етеміз. Ортақ мақсат-мүддеміз жолында түркі әлеміне қызмет етуді жалғастырамыз. Трабзон өзінің бай тарихы және мәдени мұрасын сақтаған осы аймақтың маңызды орталықтарының бірі. Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарсақ, мәдениетіміз бен түркі әлемі бұдан да қуатты болады. Осы орайда мекемелеріміздің ынтымақтастығын арттыруға және Трабзонның мәдени әлеуетін түркі әлемімен тоғыстыруға үлкен мән береміз».

Әкімдіктен кейін ғылым ордасына өткен Сайит Юсуф Трабзон университетінің ректоры Эмин Ашыққұтлумен және Карадениз техникалық университетінің (KTÜ) ректоры  Хамдуллаһ Чувалджымен жеке-жеке кездесті.

Ректораттарда өткен кездесулерде түркі әлемі университеттері арасындағы ғылыми ынтымақтастықты арттыру, студент алмасу бағдарламалары және ТҮРКСОЙ-дың білім беру саласындағы жұмыстары сөз болды.

Сайит Юсуф кездесулер барысында білім беру мекемелерінің миссиясына тоқталып, жастардың өздері мүше болып табылатын ұлы түркі әлемін әрдайым жүрегімен әрі болмысымен сезінуі керектігін, ал университеттер бұл сананы қалыптастыруда шешуші рөл атқаратынын айтты.

Осылайша кездесулер өзара сыйлықтар табыстау және естелік фотоға түсумен аяқталды.

Медиа галереясы

WhatsApp Image 2026-08-25 at 18.49.38
WhatsApp Image 2026-08-25 at 18.49.05
WhatsApp Image 2026-08-25 at 18.49.05 (1)
WhatsApp Image 2026-08-25 at 18.49.04

© 2022 TÜRKSOY - Барлық құқық сақталған