WhatsApp Image 2025-12-21 at 18.15.21 (1)
21 декабря 2025 г.

ТҮРКСОЙ Бас хатшысының орынбасары Сайит Юсуф Анталияда ахыска түріктерінің мерейлі күніне қатысты

21 декабря 2025 г.

ТҮРКСОЙ Бас хатшысының орынбасары Сайит Юсуф Анталияда ахыска түріктерінің мерейлі күніне қатысты

Халықаралық ТҮРКСОЙ түркі мәдениеті ұйымы Бас хатшысының орынбасары Сайит Юсуф Анталия қаласында Ахыска газетінің 25 жылдығы мен «Türk Birliği» журналының 15 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған салтанатты іс-шараға қатысты.

Түркі дүниесінің бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін, дипломаттар мен үкіметтік емес ұйымдарды бір арнаға тоғыстырған жиынға Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) Бас хатшысының орынбасары Өмер Қожаман, Дүниежүзі ахыска түріктері бірлестігінің (DATÜB) төрағасы Зиятдин Қасанов, «Ахыска» газетінің бас редакторы Ровшан Исмайылов, сондай-ақ Түркия Республикасының Сыртқы істер министрлігі өкілдері, TİKA мен YTB ұйымдарының қызметкерлері және бірқатар ғалым қатысты.

Ашылу сөздерінде Ахыска газеті мен «Türk Birliği» журналының Түркі дүниесінде ортақ тарихи жадты сақтау, диаспоралық сананы нығайту және туыс қауымдар арасындағы мәдени байланыстарды күшейтудегі маңызы ерекше атап өтілді.

Сайит Юсуф: Ахыска түріктері – Стамбұлдың кілті

Салтанатты жиында сөз сөйлеген ТҮРКСОЙ Бас хатшысының орынбасары Сайит Юсуф ахыска мәселесіне арналған кәсіби жолынан мысалдар келтіріп, әсерлі баяндама жасады. Ахыска түріктерінің ұлттық болмыс жолындағы күресін жоғары бағалаған ол былай деді:

«1828 жылы ата-бабамыз бұл өңірден ажыратылған кезде, оны “Ыстамбұлдың кілті кетіп қалды” деп сипаттаған. Ахыска түріктері 1944 жылғы ауыр қысқы жағдайдағы жер аудару кезінде, вагондарда жан тапсырғанына қарамастан, өз тілінен, дінінен және түркілік ар-намысынан ешқашан бас тартқан жоқ. Бүгінде Америкадан Өзбекстанға дейін әлемнің түкпір-түкпіріне тарыдай шашылып жүрсе де, ұйымшыл құрылымдары мен берік сенімдерінің арқасында түркі бірлігінің ең жарқын үлгісін көрсетіп келеді».

Зиятдин Қасанов – «заманауи Тагиев»

Сайит Юсуф сөзінде DATÜB төрағасы Зиятдин Қасановтың еңбегіне де ерекше тоқталып, оны әзербайжандық атақты меценат Хаджи Зейналабдин Тагиевке теңеді. Қасановтың да Тагиев секілді түркі жастарының білімі мен мәдени мұрасына ешбір қайтарымсыз қолдау көрсетіп келе жатқанын атап өтіп, «Зиятдин мырза – бүгінгі түркі дүниесінде үнсіз, бірақ ауқымды істер атқарып жүрген нағыз жанашыр тұлға», – деді.

ТҮРКСОЙ-дан құрмет марапаты

Іс-шара соңында Сайит Юсуф ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раевтың атынан Түркі дүниесіне, оның мәдениетіне және ахыска түріктеріне сіңірген айрықша еңбегі үшін DATÜB төрағасы Зиятдин Қасановқа ТҮРКСОЙ медалін табыс етті.

Бағдарлама протокол мүшелерінің күннің маңыздылығына қатысты пікірлерімен және естелік суретке түсумен аяқталды.

Медиа галереясы

WhatsApp Image 2025-12-21 at 18.20.42
WhatsApp Image 2025-12-21 at 18.20.42 (1)
WhatsApp Image 2025-12-21 at 18.15.21
WhatsApp Image 2025-12-21 at 18.15.20
WhatsApp Image 2025-12-21 at 18.15.19
WhatsApp Image 2025-12-21 at 18.15.20 (1)
WhatsApp Image 2025-12-21 at 18.15.19 (3)
WhatsApp Image 2025-12-21 at 18.15.19 (4)
WhatsApp Image 2025-12-21 at 18.15.19 (2)
WhatsApp Image 2025-12-21 at 18.15.19 (1)
WhatsApp Image 2025-12-21 at 18.15.18
WhatsApp Image 2025-12-21 at 18.15.18 (1)

© 2022 TÜRKSOY - Барлық құқық сақталған