― 29 октября 2024 г.
ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раевтың Түркияның 29 қазан Республика күніне арналған құттықтауы
Құрметті түрік елі және құрметті түркі әлемі!
Түркия Республикасының 101 жылдығын үлкен мақтанышпен және зор ықыласпен атап өтеміз. Бұл мағыналы күн тек Түркияның тәуелсіздік пен бостандық жолындағы күрескер жеңісін ғана емес, сонымен қатар бүкіл түркі әлемінің ортақ ерік-жігерін, ынтымағын және еркіндікке деген мызғымас сенімін білдіреді. Гази Мұстафа Кемал Ататүрік пен оның қарулас жолдастарының ерлігімен құрылған Түркия Республикасы тек түрік ұлты үшін ғана емес, тарихи-мәдени рухымызды сақтап келе жатқан барлық бауырлас халықтар үшін бірлік пен шабыт көзі бола білді.
ТҮРКСОЙ ұйымы ретінде біз Түркия Республикасының қазіргі әлемдегі берік ұстанымын және оның бүкіл түркі әлеміне беретін шабытын үлкен ризашылықпен бақылаймыз. Түркияның экономикалық, мәдени және дипломатиялық салалардағы жетістіктері біз үшін мақтаныш болып табылады және Түркі әлемінің ортақ болашағына деген көзқарасымызға нәр береді. Осы табыстардан күш алып, түркі әлемі ретінде бірлігіміз арта түседі. Мәдениет, өнер, білім, ғылым сияқты салаларда бірге бұдан да күшті қадамдар жасайтын боламыз.
Түркия Республикасының 101 жылдығы өткеннен алған күш-қуатпен болашаққа нық қадамдар жасау жауапкершілігімізді еске салады. Біз ТҮРКСОЙ ретінде Түркі әлемінің мәдени бірлігі мен бауырластық байланысын одан әрі нығайтуға бел будық. Түркия Республикасының тәуелсіздік рухы ортақ құндылықтарымызды құруға деген жігерімізді күшейтті.
Осынай айтулы күнге орай Түркия Республикасына, түрік ұлтына және бүкіл түркі әлеміне шынайы махаббатымыз бен сәлемімізді жолдаймыз.Сондай-ақ біз Түркияның алда ғасырларға ұласар үлкен сапарында әрқашан бірге боламыз. Түркия Республикасының 101 жылдығы құтты болсын. Мәңгілік бірлік пен ынтымақта болайық...
Ізгі тілекпен,
Халықаралық ТҮРКСОЙ түркі мәдениеті
ұйымының Бас хатшысы
Сұлтан РАЕВ