― 25 октября 2025 г.
ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раевтың Қазақстан Республикасының Республика күніне арналған құттықтауы
Құрметті Қазақстан Республикасының Президенті мен барша қазақстандық бауырларымды шын жүректен Республика күнімен құттықтаймын.
1990 жылдың 25 қазаны – тек қазақ халқының өз тағдырын өзі айқындаған күні ғана емес, сонымен қатар байырғы түркі жерінде ұлттық егемендік идеясының қайта жаңғыруының да нышаны. Бұл мағыналы күн – қазақ халқының мемлекет құру жолындағы табандылығы мен тарих жазудағы жігерінің айқын көрінісі.
Тәуелсіздігін жариялаған күннен бастап Қазақстанның ұстанған көреген саясаты, тұрақты даму қарқыны мен бейбітшіл сыртқы саясаты арқылы тек өз аймағында ғана емес, күллі әлемде беделді мемлекетке айналды. Бүгінде Қазақстан халықаралық аренада тұрақтылықтың тірегі мен даму үлгісі ретінде ерекшеленіп отыр.
Түркі дүниесінің ажырамас бөлігі әрі мықты өкілі саналатын Қазақстан – ТҮРКСОЙ-дың құрылтайшы мүшелерінің бірі ретінде бауырлас халықтар арасындағы мәдени және рухани байланыстардың нығаюына қосқан зор үлесімен әрдайым құрметке ие.
Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Қазақстанға молшылық, тұрақтылық пен ілгері өркендеу тілеймін. Барша қазақстандық бауырларыма денсаулық, бақыт және амандық тілеймін.
Қазақстанның жарқын болашағы – түркі дүниесінің ортақ өрлеуіне әрдайым жол нұсқай бермек.
Жасасын Қазақстан!
Жасай берсін түркі дүниесі!
Сұлтан РАЕВ
ТҮРКСОЙ Бас хатшысы