― 11 августа 2025 г.
ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раевтың Балыкесирдегі жер сілкінісі туралы хабарламасы
Балыкесир-Сындыргыда болған 6,1 балдық жер сілкінісіне байланысты бәріміздің жүрегіміз шаншыды. Жалғыз тілегіміз – Алла тағала ұлтымызды барлық апаттан сақтап, жан мен мал шығынын барынша азайтса екен.
Осы қиын күндерде жер сілкінісінен зардап шеккен барлық азаматқа шын жүректен көңіл айтамын. Қайтыс болғандардың отбасына сабыр және зардап шеккен бауырларымыздың тезірек сауығып кетуіне тілектеспін.
Түркі әлемінің бір бөлігі ретінде мен әрдайым жандарыңызда екенімді айтқым келеді. Біздің ынтымақ, бірлік рухы – барлық қиындықты жеңудегі ең үлкен күшіміз.
Жер сілкінісінен келген материалдық және рухани залал тез арада жойылып, бұл үдерісті ел болып бірігу арқылы еңсеретінімізге толық сенім артамын. Алла тағала тағы да осындай азаптан сақтасын, түркі әлемін, ұлтымызды барлық апаттан сақтасын.
Тез сауығып кет, Түркиям, тез сауығып кет, Балыкесирим.
Құрметпен,
Сұлтан РАЕВ
ТҮРКСОЙ Бас хатшысы