WhatsApp Image 2026-01-30 at 19.50.37 (2)
30 января 2026 г.

ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев Түркі ынтымақтастық ұйымдары үйлестіру комитетінің 6-отырысына қатысты

30 января 2026 г.

ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев Түркі ынтымақтастық ұйымдары үйлестіру комитетінің 6-отырысына қатысты

TҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев 2026 жылдың 30 қаңтарында Ыстамбұл қаласында Түркі Мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) хатшылығының ұйымдастыруымен өткен Түркі ынтымақтастық ұйымдары Үйлестіру комитетінің 6-отырысына қатысты.

Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы әрі Үйлестіру комитетінің төрағасы, Елші Кубанычбек Өмүралиевтің төрағалығымен өткен жиынға ТҮРКПА Бас хатшысы, Елші Рамиль Хасан, Түркі Академиясының Президенті Шаһин Мұстафаев, Халықаралық түркі мәдениеті мен мұрасы қорының Президенті Ақтоты Райымқұлова, Түркі Инвестиция қорының аға кеңесшісі Ерхан Түрбедар, Түркі сауда-өнеркәсіп палаталары одағының Бас хатшысы Адем Кула, сондай-ақ Қазақстан мен Түркияның ТМҰ жанындағы Тұрақты өкілдері қатысты.

2026 жылға арналған ортақ іс-қимыл бағдарламасы және стратегиялық мақсаттар

Жиында Түркі Ынтымақтастық ұйымдарының 2025 жылғы қызметінің қорытындылары талқыланып, 2026 жылға арналған ортақ бағдарламалар аясында жүзеге асырылатын стратегиялық бағыттар қарастырылды. Сондай-ақ жиында түркі дүниесінің халықаралық деңгейдегі көрінісін арттыратын жобалардың маңыздылығы талқыланып, 1926 жылы өткен «Бірінші Баку түркология» конгресінің 100 жылдығына арналған іс-шаралардың ортақ ғылыми бағыты сөз болды. Осы тұрғыда аталған конгрестегі түркология ғылымының дамуы мен ортақ интеллектуалдық кеңістіктің қалыптасуындағы тарихи рөліне ерекше назар аударылды.

Зия Гөкалпты еске алу жылы және түркологияның болашағы

Түркологияға бағытталған бұл көзқарастың жалғасы ретінде 2026 жыл — Зия Гөкалпты еске алу жылына дайындық мәселелері де жан-жақты талқыланды. Түрік ой-санасының қалыптасуында айрықша рөл атқарған Зия Гөкалптың идеялары мен оның түркологияға қосқан үлесін арқау еткен ғылыми конференциялар мен панельдік отырыстарды күллі түркі дүниесінде ортақ стратегия аясында өткізу жайы сөз болды.

Раев: «Баку түркология конгресі мен Зия Гөкалп жылы — ортақ мұрамыз үшін маңызды қадам»

TҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев өз сөзінде Баку түркология конгресінің 100 жылдығы мен Зия Гөкалпты еске алу жылының бір кезеңге сәйкес келуінің мәдени мұраны кешенді тұрғыда қарастыру үшін берік негіз қалыптастыратынын атап өтті. Сондай-ақ, ол 2026 жылға арналған іс-шаралар тек еске алу шеңберінде қалмай, ұзақ мерзімді академиялық және институционалдық ынтымақтастыққа ұласуы қажет екенін баса айтты.

Институционалдық үйлесім бойынша толық келісім

Басқосуда Түркі ынтымақтастық ұйымдары арасындағы іс-шараларды нақты  жоспарлау мен міндеттерді айқындау, сондай-ақ 2026 жылғы ғылым, мәдениет және жастарға бағытталған жобалар аясында атқарылатын шаралар бекітілді.

Медиа галереясы

WhatsApp Image 2026-01-30 at 19.50.38
WhatsApp Image 2026-01-30 at 19.50.37
WhatsApp Image 2026-01-30 at 19.50.37 (1)
WhatsApp Image 2026-01-30 at 19.50.36
WhatsApp Image 2026-01-30 at 19.50.36 (1)

© 2022 TÜRKSOY - Барлық құқық сақталған