― 7 февраля 2026 г.
ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев Ташкентте Өзбекстан Өнер академиясына арнайы барды
Халықаралық ТҮРКСОЙ түркі мәдениеті ұйымы Бас хатшысы Сұлтан Раев Өзбекстанға сапары аясында Ташкент қаласында орналасқан Өзбекстан Өнер академиясына арнайы барды. Сапар барысында ол Академия төрағасы Акмал Нуридиновпен кездесіп, академияның қызметі мен бірлескен жобалар жайын талқылады.
Өнер және ғылым ордасына айналған Өнер академиясы суретшілердің жеке әрі шығармашылық көрмелерін өткізуге мүмкіндік беретін инфрақұрылымымен, дарынды жастарды қолдауға бағытталған бағдарламаларымен және халықаралық бағдарламаларымен ерекшеленеді. Академия аясында атқарылып жатқан жұмыстар әлемнің жетекші өнер ордалары, білім беру мекемелері және беделді мәдени-өнер ошақтарымен орнатылған тәжірибе алмасуға негізделген байланыстар арқылы күн өткен сайын дамып жатыр.
Өзбекстан Өнер академиясы ТҮРКСОЙ-ға мүше елдер арасындағы мәдени байланыстарды күшейту, түркі дүниесінің бейнелеу өнерін кеңінен таныту және ортақ көркемдік өнімдерді ынталандыру мақсатында бірқатар жобаларды жүзеге асырып келеді. Осы орайда өткізілетін іс-шараларға ТҮРКСОЙ ұзақ жылдан бері белсенді әрі тұрақты серіктес ретінде қатысып келеді. Бұның басты айғағы – Өзбекстан астанасында жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын Халықаралық бейнелеу және қолданбалы өнер фестивалін атап өтуге болады. Шара аясында 2026 жылдың 20-24 сәуір аралығында өтетін іс-шаралар шеңберінде «Түркі дүниесі суретшілерінің басқосуы» атты халықаралық көркемсурет көрмесін ұйымдастыру жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, ТҮРКСОЙ Тұрақты кеңесінің шешімімен 2026 жылға «Түркі әлемінің мәдени астанасы» мәртебесі берілген Әндіжан қаласында мамыр айында Суретшілер фестивалін өткізу және осы шара аясында ТҮРКСОЙ-дың қолдауымен мүше елдердің қатысуымен халықаралық конференция ұйымдастыру жоспарланған.
Осылайша, Сұлтан Раев пен Акмал Нуридинов аталған іс-шараларды жоғары деңгейде ұйымдастыру жайын талқылап, бірлескен жоба жұмыстарын талқылады.