IMG_4158
23 декабря 2025 г.

ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев Асанәлі Әшімовті ақтық сапарға шығарып салу рәсіміне қатысты

23 декабря 2025 г.

ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев Асанәлі Әшімовті ақтық сапарға шығарып салу рәсіміне қатысты

Қазақ киносы мен театр өнерінің саңлағы, Қазақстанның Халық әртісі әрі Еңбек Ері Асанәлі Әшімовті жақындары, өнердегі достары, шәкірттері, өнер сүйер қауымАлматыда соңғы сапарға аттандырды. Қоштасу рәсіміне ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев та қатысты.

Асанәлі Әшімовке арналған қоштасу рәсімі қазақ мәдениеті мен өнерінің символына айналған Абай атындағы Қазақ Ұлттық опера және балет театрында ұйымдастырылды. Рәсімнен кейін марқұмның денесі «Кеңсай-1» зиратына жерленді.

Қоштасу рәсімінде сөз сөйлеген ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев Асанәлі Әшімовтің өнер жолы мен Түркі дүниесінің мәдениетіне қалдырған еңбегіне тоқталды. Ол Әшімовтің тек қазақ киносы мен театрының ғана емес, күллі түркі дүниесіне ортақ өнер мұрасының негізгі тіректерінің бірі екенін атап өтті.

Сұлтан Раев өз сөзінде былай деді:
«Асанәлі Әшімов сахнадағы асқақ болмысымен, кинодағы терең бейнелерімен және өнерге арнаған ғұмырымен тек қазақ халқының ғана емес, күллі түркі дүниесінің ортақ құндылығына айналды. Оның өнері – халықтарымыз арасындағы рухани көпірлердің ең жарқын үлгілерінің бірі. Бұл ұлы тұлғаның дүниеден өтуі – орны толмас қаза».

ТҮРКСОЙ Бас хатшысы марқұмның шығармалары арқылы мәңгі жасайтынын атап өтіп, ең алдымен отбасына, сондай-ақ қазақ халқына және түркі дүниесінің өнер қауымына қайғырып көңіл айтты.

Медиа галереясы

WhatsApp Image 2025-12-23 at 10.02.46

© 2022 TÜRKSOY - Барлық құқық сақталған