WhatsApp Image 2026-08-25 at 15.03.25
25 августа 2026 г.

ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев «Алтын қалам» халықаралық сыйлығына ие болды

25 августа 2026 г.

ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев «Алтын қалам» халықаралық сыйлығына ие болды

Халықаралық ТҮРКСОЙ түркі мәдениеті ұйымының Бас хатшысы, қырғыз жазушысы Сұлтан Раев «Топон» (Топан су) романы үшін «Алтын қалам» (Золотое Перо) халықаралық әдебиет сыйлығымен марапатталды.

Әлем бойынша ең үздік шығармаларға берілетін бұл марапат халықаралық қазылар алқасының шешімімен Мәскеудегі әдебиет қауымдастығы тарапынан Сұлтан Раевқа табысталды. Алғаш рет 2004 жылы тағайындалған әрі 70-тен астам елдің жазушылары қатысатын бұл жоба әдебиет саласындағы үздіктердің үздігіне беріледі.

Бүгінгі күнге дейін АҚШ, Германия, Франция және Қытай сияқты елдердің жазушыларымен қатар Фазиль Искандер, Римма Казакова, Михаил Ножкин және Михаил Задорнов сияқты көрнекті тұлғалар лайық деп танылған бұл сыйлық жыл сайын тұрақты түрде табысталып келеді.

Жазушы адам тағдыры мен қоғамдық құндылықтар сияқты маңызды тақырыптарды арқау еткен «Топон» романы бұған дейін итальян, венгр, орыс, әзербайжан, қазақ және өзбек тілдеріне аударылып, түрлі аймақтардағы оқырмандарға жол тартқан болатын.

Бұл шығарма, сондай-ақ, кезінде Швецияда өткен халықаралық әдебиет конкурсында да бас жүлдені жеңіп алған. Сұлтан Раев әдеби еңбектері үшін бұған дейін «Нобель» сыйлығының лауреаты Генрик Сенкевич атындағы халықаралық марапатқа да ие болған.

 

Медиа галереясы

WhatsApp Image 2026-08-25 at 14.02.19

© 2022 TÜRKSOY - Барлық құқық сақталған