WhatsApp Image 2026-02-09 at 15.44.30 (2)
9 февраля 2026 г.

ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев Әлішер Науаидің туғанына 585 жыл толуына арналған іс-шараға қатысты

9 февраля 2026 г.

ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев Әлішер Науаидің туғанына 585 жыл толуына арналған іс-шараға қатысты

Ақпан айының тоғызы түркі әлемі үшін айрықша мәнге ие күн. Бұл күні өзбек халқының ұлы ақыны әрі ойшылы, мемлекет және қоғам қайраткері, әлем әдебиеті мен мәдениетінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан теңдессіз өнер иесі Әлішер Науаидің туған күні.

Биыл Әлішер Науаидің туғанына 585 жыл толуына орай бұл мерейтой Өзбекстанда, бауырлас өңірлерде және әлемнің түрлі елдерінде тойланып жатыр. Атаулы күн аясында «Науаи оқулары»  мен рухани-мәдени бағыттағы түрлі шаралар ұйымдастырылуда.

ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев бастаған ТҮРКСОЙ делегациясының Өзбекстанға ресми сапары ұлы шайырдың туған күнімен тұспа-тұс келді. Осы орайда Бас хатшы бастаған делегация 2026 жылы «Түркі әлемінің мәдени астанасы» болып жарияланған Әндіжан қаласындағы Әлішер Науаи атындағы саябақта өткен салтанатты шараға қатысты.

Жиынға Өзбекстан Республикасының Мәдениет министрі, ТҮРКСОЙ-дың 43-кезең үйлестірушісі Озодбек Назарбеков, Әндіжан облысының әкімі Шухратбек Абдурахмонов, жоғары оқу орындарының ректорлары, Науаи мұрасын зерттеуші ғалымдар, ақын-жазушылар мен студенттер қатысты.

Шара Әлішер Науаидің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімімен басталды. Салтанатты жиында Әндіжан облысының әкімі мен ТҮРКСОЙ Бас хатшысы сөз сөйледі: 

«Әлішер Науаидің шығармалары – тек көркемдік, философиялық және ғылыми тұрғыдан кемел туындылар ғана емес, сонымен қатар санамызды, рухымызды және дүниетанымымызды байытып, халықтар мен ұлттарды өзара жақындастыратын рухани кеңістік.

Әлішер Науаидің қолжазбалары көзі тірісінде-ақ түркі дүниесінің түкпір-түкпіріне таралған. Шығармаларынан шабыт алған ақындар түркі тілінде өлең жазған. Ұлы ақынның туындыларында көрініс тапқан ағартушылық идеялар ғасырлар бойы адамзатқа қызмет етіп, бүгінгі таңда да жүректерде жаңғырып, халықтарды біріктіруге және руханиятты асқақтатуға ықпал етуде.

Науаи шығармаларындағы “кемел адам” идеясы жаһандану үдерісі мен рухани дағдарыстар күшейген қазіргі заманда бұрынғыдан да өзекті мәнге ие болып отыр» », – деді ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев.

Іс-шара барысында ғалымдар Әлішер Науаи мұрасының маңызы жөнінде пікірлерін ортаға салды. Ал жастар болса, ақынның ғазалдарынан үзінділер оқып, әндерін орындады.

Медиа галереясы

WhatsApp Image 2026-02-09 at 15.44.30 (2)
WhatsApp Image 2026-02-09 at 15.44.32 (1)
WhatsApp Image 2026-02-09 at 15.44.32
WhatsApp Image 2026-02-09 at 15.44.31
WhatsApp Image 2026-02-09 at 15.44.31 (2)
WhatsApp Image 2026-02-09 at 15.44.31 (1)
WhatsApp Image 2026-02-09 at 15.44.30
WhatsApp Image 2026-02-09 at 15.44.30 (1)
WhatsApp Image 2026-02-09 at 15.44.29 (1)
WhatsApp Image 2026-02-09 at 15.44.28
WhatsApp Image 2026-02-09 at 15.44.28 (1)
WhatsApp Image 2026-02-09 at 15.44.27

© 2022 TÜRKSOY - Барлық құқық сақталған