IMG_3086.HEIC
11 декабря 2025 г.

ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Раев Ашхабадтағы ресми іс-шараларға қатысты

11 декабря 2025 г.

ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Раев Ашхабадтағы ресми іс-шараларға қатысты

11 желтоқсанда өткен мерекелік бағдарлама аясында ТҮРКСОЙ Бас хатшысы, Қырғыз Республикасының Халық жазушысы Сұлтан Раев жаңа тұрғызылған «Бейтарап» монументінің ашылуына, сондай-ақ Түрікменстанның Бейтарап кезеңіндегі экономика және әлеумет дамуын көрсететін кең ауқымды көрмеге қатысты.

Шара барысында сөз сөйлеген Сұлтан Раев Түрікменстанның Мәңгілік Бейтараптығы бүкіл өңірдегі тұрақтылық пен бейбітшіліктің нығаюына маңызды үлес қосқанын атап өтті. Ол өз пікірінде былай деді:
«Ашхабадта ашылған «Бейтарап» монументі тек Түрікменстан үшін ғана емес, күллә түркі дүниесі үшін мәні зор нысан. Бейтарап жылдарында қол жеткізген экономика, әлеумет және мәдени табыстарды паш еткен көрме — бауырлас Түрікменстанның жан-жақты даму серпінін айқын көрсетеді. ТҮРКСОЙ ретінде ортақ мұрамызды сақтау және түркі әлемінің мәдени бірлігін нығайту жолындағы ынтымақтастығымызды Түрікменстанмен бірге табандылықпен жалғастыра береміз».

Сөз соңында Раев 30 жылдық мерейтойымен Түрікменстан халқын құттықтап, өткен шаралардың түркі әлемі үшін маңыздылығына назар аударды.

Медиа галереясы

WhatsApp Image 2025-12-11 at 13.03.30
WhatsApp Image 2025-12-11 at 13.03.30 (1)
WhatsApp Image 2025-12-11 at 13.03.29
WhatsApp Image 2025-12-11 at 13.03.29 (1)

© 2022 TÜRKSOY - Барлық құқық сақталған