WhatsApp Image 2025-04-07 at 17.44.55
7 апреля 2025 г.

ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Раев: «Ақтауда өткен шара түркі әлемінің мәдени бірлігін нығайтты»

7 апреля 2025 г.

ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Раев: «Ақтауда өткен шара түркі әлемінің мәдени бірлігін нығайтты»

Бүгін, 7 сәуір күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раевпен кездесті. Басқосуда 5 сәуір күні өткен «Ақтау – Түркі әлемінің астанасы» атты халықаралық мәдени шараның ашылу салтанаты қорытындыланып, алдағы жоспарлар талқыланды.

Тараптар жыл соңына дейін жоспарланған мәдени іс-шаралар легін сапалы әрі мазмұнды өткізу жөнінде пікір алмасты.

Сондай-ақ жиында ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев айтулы шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, ризашылығын білдірді.

-  Шын мәнінде, бұлай болады деп күтпедім. Этноауылда халықтың бір-бірімен  етене араласып, қонақжайлық танытып, шынайы бауырмалдығына куә болдық. Қатысушылар мен өнерпаздар дән риза, – деді Сұлтан Раев.

Өз сөзінде облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай Маңғыстаудың тарихи-мәдени болмысына тоқталды.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Тарихы тамырлас, дәстүрі сабақтас халықтардың ынтымақтастығын одан әрі нығайту – баршамыздың ортақ міндетіміз», – деп айтқан еді.
Расында да, Абыл мен Есір, Қашаған мен Сүгір, Әбіш Кекілбаев ағамыз сынды ұлы тұлғалар дүниеге келген мекенде мәдениет болмауы мүмкін емес. Бұл – руханияттың қайнар көзі, мәдениеттің ордасы. «Ақтау – Түркі әлемінің астанасы» шарасына 100 мыңға жуық адам жиналып, Маңғыстаудың мәдени әлеуетін дәлелдеді. Жыл соңына дейін жоспарланған іс-шараларды абыроймен өткіземіз деп сенемін, – деді Нұрдәулет Қилыбай.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Медиа галереясы

WhatsApp Image 2025-04-07 at 17.44.55
WhatsApp Image 2025-04-07 at 17.44.55 (2)
WhatsApp Image 2025-04-07 at 17.44.55 (1)
WhatsApp Image 2025-04-07 at 17.44.54

© 2022 TÜRKSOY - Барлық құқық сақталған