WhatsApp Image 2026-09-07 at 13.58.28 (3)
7 сентября 2026 г.

Түркия «AK Parti» төрағасының орынбасары Күршат Зорлу Сұлтан Раевпен ізгілік кездеуін өткізді

7 сентября 2026 г.

Түркия «AK Parti» төрағасының орынбасары Күршат Зорлу Сұлтан Раевпен ізгілік кездеуін өткізді

«AK Parti» төрағасының түркі әлемі бойынша орынбасары Күршат Зорлу Халықаралық ТҮРКСОЙ түркі мәдениеті ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раевқа арнайы келіп, ізгілік кездесуін өткізді. 

ТҮРКСОЙ-дың Бас хатшылығында өткен және ТҮРКСОЙ Бас хатшысының орынбасары Сайит Юсуф та қатысқан кездесуде ұйымның алдағы кезеңде жүзеге асыратын жұмыстары мен түркі әлемінің болашағы сөз болды.

Сапар барысында Күршат Зорлу өзі редакторлық еткен түркі әлемі әдебиетінің қорын байытқан «Тәуелсіздігінің 35 жылдығындағы Түркия-Қырғызстан қарым-қатынастары» атты құнды еңбекті Бас хатшы Сұлтан Раевқа тарту етті. Аталған кітапта Сұлтан Раевтың қаламынан шыққан «Ортақ тамырдан болашақ пайымына: Түркия мен Қырғызстан арасындағы мәдени дипломатия және стратегиялық интеграция» атты мақала да жарияланған.

Сұлтан Раев: «Осы бір маңызды еңбекке үлес қосқаныма өте қуаныштымын»

«AK Parti» төрағасының орынбасары Күршат Зорлуға алғыс білдірген ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев ортақ мәдени байланыстарға тоқталып, былай деді:

«Қадірлі досым Күршат Зорлуға қажырлы еңбек әрі ғылыми ерекше ұқыптылықпен жазып шыққан бұл маңызды еңбегінде өзімнің де мақаламның жарық көруі мен үшін үлкен мәртебе әрі қуаныш. Түркия мен Қырғызстан арасындағы шайқалмас бауырластық байланыстардың 35 жылдығына арналған бұл құнды зерттеу — елдеріміз арасындағы мәдени көпірлерді одан әрі нығайта түсетін тарихи құжат. Түркі әлемінің ортақ болашағын құру жолында қаламмен, пікірмен және ғылыммен жасалған әрбір қадам біз үшін өте қымбат».

Кездесу түркі әлемінің болашағына бағытталған жаңа қадамдар жасау жөніндегі уағдаластықпен тәмәмдалды.

Медиа галереясы

WhatsApp Image 2026-09-07 at 13.58.29
WhatsApp Image 2026-09-07 at 13.58.28
WhatsApp Image 2026-09-07 at 13.58.28 (4)
WhatsApp Image 2026-09-07 at 13.58.28 (2)

© 2022 TÜRKSOY - Барлық құқық сақталған