― 4 апреля 2024 г.
Түркі елдері жастарына арналған «Farabi Film Festival» кинофестиваліне өтінім беру басталды
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдық мерейтойына орай 29-30 сәуір аралығында халықаралық «ТҮРКСОЙ» түркі мәдениеті ұйымы мен Технологияларды коммерцияландыру жене креативті индустрия орталығы қолдауымен түркі әлемі елдерінің кино және медиа факультеттерінің студенттеріне арналған «Farabi Film Festival» кинофестивалі өтеді.
Кинофестивальге өтінім беру үшін: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdFjgiVJt7yaMdwF57Qd6LKzRthvCHAFeUQP6Pxj-eKO-H6lw/viewform?pli=1
Мақсаты:
1. Шығармашылықты қолдау:
- Түркі әлемі елдерінен келген студенттердің кинематография саласындағы дарындылығын дамытуға және ашуға ықпал ету.
- Студенттерді қысқаметражды көркем фильмдер жасауға және кинематография өнерінде тәжірибе жинауға ынталандыру.
2. Мәдениетаралық қарым - қатынасты күшейту:
- Түркі әлемінің әртүрлі елдерінен келген студенттермен ой-пікір алмасу және кинематографиялық жобалар арқылы мәдени байланыстарды нығайтуға ықпал ету.
3. Білім деңгейін көтеру:
- Оқушылардың шығармашылық жетістіктерін дамыту арқылы түркі әлемі елдеріндегі білім беру бағдарламалары мен мәдени қарым-қатынастың маңыздылығын атап өту.
4. Мәдениет пен өнерді насихаттау:
- Фестивальде студенттер жасаған кинематографиялық туындылар, сондай-ақ пікірталас және интерактивті шаралар арқылы түркі мәдениеті мен өнерін танымал ету.
5. Киноиндустрияны дамыту:
- Жас киногерлерді қолдау және олардың осы салада әрі қарай кәсіби өсуіне жағдай жасау.
Міндеттері:
1. Байқауды ұйымдастыру:
- Түркі әлемі елдерінің университеттері мен киномектептерінің студенттері арасында үздік қысқаметражды фильмдерге ашық байқау өткізу.
2. Қазылар алқасын таңдау:
- Фестиваль жеңімпаздарының жұмыстарын бағалау және таңдау үшін кинематография саласындағы білікті сарапшыларды тарту.
3. Іс-шараларды өткізу:
- Қатысушылар мен көрермендердің белсенді қарым-қатынаста болуы үшін фестиваль аясында фильмдер көрсетілімін, шеберлік сыныптарын, лекцияларды және басқа да мәдени іс-шараларды ұйымдастыру.
4. Марапаттар мен сыйлықтар:
- Марапаттау рәсімін өткізу және фестиваль жеңімпаздары мен лауреаттарына дипломдар, сыйлықтар тапсыру.
5. Жарнамалау және тарату:
- БАҚ, әлеуметтік желілер және басқа да байланыс құралдары арқылы фестиваль және оның жеңімпаздары туралы ақпаратты тарату.
6. Серіктестіктерді құру:
- Фестивальді сәтті өткізу және оның мақсаттарын жүзеге асыру үшін кинокомпаниялармен, оқу орындарымен, мәдени орталықтармен және басқа серіктестермен байланысты арттыру.
“Farabi Film Festival” түркі әлеміндегі мәдени алмасуды дамытуға, шығармашылық бастамаларды қолдауға және киноиндустрияны нығайтуға бағытталған ауқымды міндеттерді мақсат тұтады.