― 19 ноября 2025 г.
Түркі дүниесіндегі тарихи белес: Анкарада ортақ түркі әліпбиімен басылған алғашқы еңбектер таныстырылды
Халықаралық ТҮРКСОЙтүркі мәдениеті ұйымы және Түркі академиясының ұйымдастыруымен Анкарада өткен тарихи рәсім барысында Түркі дүниесінің мәдени тұтастығына бағытталған ең маңызды қадамдардың бірі жүзеге асты. Қабылданған 34 әріптен тұратын «Ортақ түркі әліпбиімен» басылған алғашқы кітаптар – Абай Құнанбайұлының «Qara Sözder» еңбегі мен Шыңғыс Айтматовтың «Aq Keme» шығармасы көпшілікке таныстырылды.
Түркі мемлекеттері ұйымының «2040 бағдарламасы» және тілдік бірлік мақсаттары аясында 2025 жылдың қыркүйек айында Бакуде ортақ келісімге келген 34 әріптен тұратын ортақ түркі әліпбиі қабылданған болатын. Бүгін дәл сол әліпбимен жазылған қос туынды ТҮРКСОЙ Бас хатшылығында таныстырылып, оқырманға жол тартып отыр.
«Мәдени бірлік пен болашақ» туралы үндеу
Салтанатты шарада сөз алған ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев, бұл қадамның жай ғана әліпби өемес, түркі халықтарын өзара жақындастыратын рухани көпір екенін атап өтті. Раев:
«Бұл еңбектер Түркі дүниесіндегі жастардың көңіл көкжиегін кеңейтіп, тілдеріміз арасындағы байланысты нығайта түседі. Бұл – болашаққа бағытталған үлкен көрегендіктің бір бөлігі», – деді.
Түркі Академиясының Президенті, профессор Шаhин Мұстафаев өз сөзінде процестің техникалық және стратегиялық мәніне тоқталды. Мұстафаев:
«Бакуде Түрік тілі ұйымдары және өзге де серіктестермен жасалған келісім – 1926 жылғы Баку түркология конгресінен бастау алған болатын. Абайдың хикметке толы сөздері мен Айтматовтың адамзатқа ой салатын «Ақ кемесін» ортақ әліпбимен жариялау – мәдени болмысымызды қайта айқындау», – деп атап өтті.
Ататүрік Мәдениет, тіл және тарих жоғары ұйымы төрағасы профессор Дерья Өрс те 15 желтоқсанның ЮНЕСКО аясында «Түркі тектес тілдер күні» деп жарияланғанын қуанышпен айтып, ортақ әліпбидің жас буын арасында түрлі түркі диалектілерін үйренуге деген қызығушылықты арттыратынын жеткізді.
Ғылыми көзқарас: «Тарихи сәт»
Шараға қатысқан «МХП» төраға орынбасары және Шыңғыс Айтматов институтының жетекшісі, профессор Ильяс Топсакал 1928 жылы қырғыздардың «Манас» жырын латын әліпбиімен қағазға түсіргенін еске алып:
«Бүгінгі қадамды да ғасырдан кейін академиктер тарихи кезең ретінде бағалайды», – деді.
Түркологияның көрнекті өкілі профессор Ахмет Бижан Ержыласун түркі дүниесінің ерікті түрде бірігіп жатқанын айта келе:
«Ортақ әліпби – бастамасы ғана. Негізгі мақсат – уақыт өте қарым-қатынастың күшеюімен қалыптасатын «ортақ байланыс тілі», – деп бағалады.
Таныстырылған еңбектер және панельдер
Ашылу сөздерінен кейін Түркі академиясының мамандары Айнұр Майемерова мен Нұрдин Үсеев қатысқан панель барысында басылымдардың мазмұны таныстырылды:
- Qara Sözder (Қара сөздер): Қазақ ағартушылығының бастаушысы Абай Құнанбайұлының адамгершілік, білім және адамзат туралы философиялық толғамдарын қамтитын классикалық туындысы.
- Aq Keme (Ақ кеме): Шыңғыс Айтматовтың адам мен табиғат байланысын, балалықтың кіршіксіз көзқарасымен үйлестіре суреттеген әлемге танымал повесі.
Түркі академиясының президенті, профессор Шаhин Мұстафаев Түркі дүниесі мәдениетіне қосқан үлесі үшін ТҮРКСОЙ тарапынан «ТÜRKSOY» медалімен марапатталды.
Салтанат протокол мүшелерінің лента қию рәсімімен және отбасы суретке түсуімен аяқталды. Бұл бастама түркі дүниесінің тілдік және идеялық бірлігі жолындағы ең нақты әрі тарихи қадамдардың бірі ретінде бағаланды.