WhatsApp Image 2025-04-30 at 18.22.35
30 апреля 2025 г.

Түркі әлемінің мемлекеттік балет мектептері Анкарада бас қосты

30 апреля 2025 г.

Түркі әлемінің мемлекеттік балет мектептері Анкарада бас қосты

2025 жылдың 28 сәуірі мен 2 мамыр аралығында Түркияның астанасы Анкарада түркі дүниесінің үздік балет мектептерін бір арнаға тоғыстырған «Халықаралық түркі әлемі мемлекеттік балет мектептері» фестивалі өнерсүйер қауыммен қауышты. 
Фестивальдің барлық іс-шарасы Хаджеттепе университетінің Анкара мемлекеттік консерваториясы концерт залында өтуде.

Әлемге әйгілі балет композиторларының концерттері ұсынылатын бұл фестиваль классикалық және заманауи би бағыттарын біріктіріп, көрерменге мазмұнды сахналық бағдарлама ұсынады. Бес күнге созылатын шара барысында түрлі тақырыптағы қойылымдар ұсынылады.

Бағдарлама аясында:

  • 29 сәуір, 19:30 – Дүниежүзілік би күніне арналған қойылым
  • 30 сәуір, 17:00 – Заманауи би мен халық билері кеші
  • 2 мамыр, 19:30 – Мемлекеттік консерваториялардың балет қойылымы сахналанады.

Гала-кешке Халықаралық ТҮРКСОЙ түркі мәдениеті ұйымы Бас хатшысы Сұлтан Раев қатысады. Ұйымдастырушылар бұл маңызды шараға барлық бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін және мәдениет пен өнер саласындағы мамандарды шақырып отыр.

Түркі дүниесі мен Түркиядан таңдаулы консерваториялар мен хореография мектептері қатысып отырған фестивальге келесі оқу орындары өнер көрсетпек:

  • Әзербайжан Республикасы Баку Хореография академиясы
  • Қазақстан Республикасы А. Селезнев атындағы Алматы хореография мектебі
  • Қазақстан Ұлттық Хореография академиясы
  • Қырғыз Республикасы Ч. Базарбаев атындағы Бішкек хореография мектебі
  • Өзбекстан Хореография академиясы
  • Мерсин университетінің Музыка және сахна өнері факультеті
  • Мимар Синан көркем өнерлер университетінің Стамбұл мемлекеттік консерваториясы
  • Стамбұл университетінің мемлекеттік консерваториясы
  • Чукурова университетінің мемлекеттік консерваториясы
  • Жерорта теңізі университетінің Анталия мемлекеттік консерваториясы
  • Докуз Эйлюл университетінің мемлекеттік консерваториясы

Өнерді біріктіруші күш ретінде қарастыратын бұл фестиваль түркі әлемі халықтарының мәдени байланыстарын нығайтуды және жас дарындарға халықаралық сахнада өздерін танытуға мүмкіндік беруді мақсат етеді.

Медиа галереясы

WhatsApp Image 2025-04-30 at 18.22.35

© 2022 TÜRKSOY - Барлық құқық сақталған