WhatsApp Image 2025-04-25 at 13.00.52
25 апреля 2025 г.

Ташкентте түркі әлеміндегі әйел суретшілер бас қосты

25 апреля 2025 г.

Ташкентте түркі әлеміндегі әйел суретшілер бас қосты

2025 жылдың 22–25 сәуірі аралығында Халықаралық Ташкент Бейнелеу өнері фестивалі аясында ТҮРКСОЙ-дың қолдауымен ұйымдастырылған «Түркі әлеміндегі әйел суретшілерінің көрмесі» өтті. Осылайша былтыр Қырғызстанның Бішкек қаласында алғаш рет өткен көрме  биыл Өзбекстан жалғасты.

ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раевтың бастамасымен жүзеге асырылған және дәстүрлі шараға айналдыру көзделген бұл шара ТҮРКСОЙ-ға мүше елдердің әйел суретшілерін бір шаңырақ астына жинады. Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Түрікменстан және Өзбекстаннан 21 әйел суретші өз туындыларын фестиваль аясында көпшілік назарына ұсынды.

Ташкент Бейнелеу өнері академиясымен бірлесіп ұйымдастырылған көрменің жабылу рәсіміне ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев, Бейнелеу өнері академиясының төрағасы Акмал Нур және көптеген өнер сүйер азаматтар қатысты.

Рәсім барысында сөз сөйлеген ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев түркі әлемінің мәдени ынтымақтастығын нығайтатын осындай мағыналы көрменің сәтті өткеніне ризашылығын білдірдіі:

«ТҮРКСОЙ ретінде біз мәдениет пен өнер саласында жүргізіп жатқан жан-жақты жұмыстарымыз арқылы түркі әлемінің ортақ құндылықтарын халықаралық деңгейде таныстырып келеміз. 2025 жылғы түркі әлемінің мәдени астанасы Ақтауда өткізген керемет ашылу рәсімінен кейін, енді міне, Ташкентте әйел суретшілеріміздің бас қосып, мәдени байланыстарымызды одан әрі нығайтқаны бізді ерекше қуантады. Осы шараның жүзеге асуына зор үлес қосқан Өзбекстанның Мәдениет министрі Озодбек Назарбековке алғыс айтқым келеді. Былтыр Бішкекте басталған бұл жақсы бастаманың биыл Ташкентте жалғасқанын көріп, қуанып отырмыз»,

Раев өз сөзінен кейін көрмеге үлес қосқан суретшілер мен қолдау көрсеткен мекемелерге алғыс хат табыс етті. Сонымен қатар, Әзербайжанның Мәдениет министрлігімен жүргізілген келіссөздер нәтижесінде «Түркі әлеміндегі әйел суретшілерінің көрмесі» 2026 жылы Бакуде өтетінін және ТҮРКСОЙ-дың дәстүрлі шараларының қатарына енгізілетін болды.

Рәсімде сөз алған Өзбекстан Бейнелеу өнері академиясының төрағасы Акмал Нур түркі әлемінің мәдени бірлігіне үлес қосуға ықпал еткені үщін қуанышты екенін айтып, Бас хатшы Сұлтан Раевқа алғыс хат табыс етті.

Көрме барысында Ташкентке келген өнерсүйер қауым әйел суретшілердің туындыларымен қызыға танысып, түркі әлемінің заманауи өнердегі ортақ рухын жақыннан тануға мүмкіндік алды. TRT Avaz және Өзбекстан БАҚ-ы мұқият назар аударған бұл шара, Ташкент Бейнелеу өнері фестивалінің ең көзге түскен бағдарламаларының біріне айналды.

«Түркі әлеміндегі әйел суретшілер көрмесіне» қатысқан суретшілер:

Өзбекстан: Шахноз Абдуллаева, Сарвиноз Қасымова, Марина Бородина, Татьяна Фадеева, Лейла Башарова, Людвига Нестерович, Шарифа Шарафходжаева, Эдие Ягли, Мафтуна Садуллаева, Дилноза Нарзуллаева

Әзербайжан: Наргиз Гулиева, Ирина Елдарова

Қазақстан: Асия Хайрулина, Наргиз Алиб, Гүлжанат Қабижанова

Қырғызстан: Чолпон Тентиева, Поза Жангарачева

Түрікменстан: Гүнча Гочмирадова, Хатиджа Амансахедова

Түркия: Халиме Түркйылмаз, Бурджу Гюнай

Медиа галереясы

WhatsApp Image 2025-04-25 at 12.52.02
WhatsApp Image 2025-04-25 at 13.47.02
WhatsApp Image 2025-04-25 at 13.43.36
WhatsApp Image 2025-04-25 at 13.01.43
WhatsApp Image 2025-04-25 at 13.01.38
WhatsApp Image 2025-04-25 at 13.01.31
WhatsApp Image 2025-04-25 at 13.01.35
WhatsApp Image 2025-04-25 at 13.00.51
WhatsApp Image 2025-04-25 at 13.00.52
WhatsApp Image 2025-04-25 at 13.00.50
WhatsApp Image 2025-04-25 at 13.00.48
WhatsApp Image 2025-04-25 at 13.00.47
WhatsApp Image 2025-04-25 at 13.00.36
WhatsApp Image 2025-04-25 at 12.59.43
WhatsApp Image 2025-04-25 at 12.58.35
WhatsApp Image 2025-04-25 at 12.59.22
WhatsApp Image 2025-04-25 at 12.58.31
WhatsApp Image 2025-04-25 at 12.58.33
WhatsApp Image 2025-04-25 at 12.58.29
WhatsApp Image 2025-04-25 at 12.58.27
WhatsApp Image 2025-04-25 at 12.58.25
WhatsApp Image 2025-04-25 at 12.58.24
WhatsApp Image 2025-04-25 at 12.57.59
WhatsApp Image 2025-04-25 at 12.57.58
WhatsApp Image 2025-04-25 at 12.56.32
WhatsApp Image 2025-04-25 at 12.56.30
WhatsApp Image 2025-04-25 at 12.56.29
WhatsApp Image 2025-04-25 at 12.56.12

© 2022 TÜRKSOY - Барлық құқық сақталған