2b5867d5-5a6e-4180-98ef-a4c2f36ab4da.jfif
29 апреля 2025 г.

Сұлтан Раевтың көңіл айту хаты

29 апреля 2025 г.

Сұлтан Раевтың көңіл айту хаты

Құрметті әдебиетсүйер қауым, қадірменді түркі халқы!

Белгілі әдебиеттанушы, фольклортанушы ғалым, Ұлттық Ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ұлағатты ұстаз Сейіт Асқарұлы Қасқабасовтың өмірден озғаны туралы қаралы хабарды ауыр күйзеліспен қабылдадық.

Сейіт Асқарұлы – қазақ әдебиеттануы мен фольклортану ғылымына өлшеусіз үлес қосқан, артында мол ғылыми мұра қалдырған дара тұлға. Ғалымның “Қазақтың халық прозасы”, “Абай және фольклор”, “Казахская волшебная сказка”, “Жаназық” сияқты құнды еңбектері мен жүздеген ғылыми мақалалары қазақ руханиятының баға жетпес қазынасына айналды. Ол еліміздің ғылымы мен білім саласының дамуына зор еңбек сіңірді, көптеген шәкірт тәрбиелеп өсірді.

Сейіт Қасқабасовтың жарқын бейнесі, парасат-пайымы, елге жасаған қызметі халық жадында мәңгі сақталады.

Марқұмның жатқан жері жайлы, топырағы торқа, иманы жолдас болсын.
Қайғыңызға ортақтасып, көңіл айтамыз.
 

© 2022 TÜRKSOY - Барлық құқық сақталған