― 15 марта 2024 г.
Сұлтан Раев «ЮНЕСКО тұрғысынан түркі мәдени мұрасын қорғау, құжаттау және насихаттау» атты панельде баяндама жасады
«Түркі әлемінің тарихи-мәдени мұрасын ЮНЕСКО тұрғысынан зерттеу және қорғау» халықаралық конференциясы аясында ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев «Түркі мәдени мұрасын қорғау, құжаттау және насихаттау» атты панельде баяндама жасады.
Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының президенті Ақтоты Райымқұлова басқарған панельде Түрік тілі қауымдастығы, ТүркПА, ТИКА сияқты мекеме және ұйым өкілдері, өз саласының маман ғалымдары баяндама жасады.
Раев өз баяндамасында тарихтағы өркениет бесігі болған ұлы Түркі әлемінің перзенттері ретінде ата-бабамыздан қалған бай мәдени-тарихи мұраларымызды қорғау, құжаттандыру және насихаттауда бізге үлкен жауапкершілік жүктелетінін баса айтты.
Біздің мәдени мұрамыз өткеннің сарқыншағы ғана емес, сонымен бірге халқымыздың төзімділігінің, жасампаздығы мен бірлігінің дәлелі екенін айта келе, Раев бірегей музыкамыз бен билеріміз, сәулет өнеріміз, дәмді тағамдардан тұратын мәдени мұрамыз екенін атап өтті. Сондай-ақ ол тағам және дәстүрлі спорт түрлері – болмысымыздың негізгі элементтері екеніне тоқталды.
«Түркі әлемі мемлекет басшыларының қараша айында өткен Астана саммитінде TURKTIME стратегиялық жобасын қабылдауы біз үшін жаңа дәуірдің басталуын көрсететін орасан зор оқиға. Соңғы жылдары түркі мемлекеттерінің қарым-қатынасы өте қарқынды дамып келе жатыр. Біздің міндетіміз – мәдениетіміздің біріктіруші күшін барынша тиімді пайдалана отырып, түркі әлемінде халық арасындағы диалог пен өзара түсіністікті нығайту. Солардың арасында алтын көпір болу. Мәдениеттің түркі әлемі интеграциясының тірегі және шабыттандыратын қайнар көзі екенін ұмытпағанымыз абзал», - деді Раев.