― 11 июля 2026 г.
Сұлтан Раев Скопье түрік театрында «Невбахар» (Көктем тынысы) қойылымын тамашалады
Солтүстік Македонияғы іссапары аясында Халықаралық ТҮРКСОЙ түркі мәдениеті ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев Солтүстік Македонияның «Түрік театры» ұлттық мекемесінде болды. Осы сапарға орай Түрік театры Бас хатшы Сұлтан Раев үшін арнайы жабық көрсетілім ұйымдастырып, «Невбахар» атты қойылымды сахналады. Бас хатшы Сұлтан Раев спектакльді «Түрік театрының» директоры Осман Алимен бірге тамашалады.
Мурат Джан Кибироглу қалам тербеп, Али Волкан Четинкая сахналаған «Невбахар» қойылымы үміт, қайта түлеу және жаңару тақырыптарын арқау етеді. Солтүстік Македония «Түрік театры» ұлттық мекемесінің 75 жылдық мерейтойына орай әзірленген бұл туынды актерлердің шебер ойыны мен өзіндік сахналық тілі арқылы Бас хатшы Сұлтан Раевтың жоғары бағасына ие болды.
Қойылымнан кейін театр басшылығы мен өнерпаздарын құттықтаған Раев Солтүстік Македонияның «Түрік театры» ұлттық мекемесі түрік тілінің, түрік мәдениеті мен театр өнерінің Балқан түбегіндегі ең іргелі әрі көне өкілдерінің бірі екенін атап өтті. Ол бұл театрдың түркі әлемінің ортақ мәдениет және өнер платформаларында танымал бола түсуінің маңыздылығына тоқталды.
Кездесу барысында Солтүстік Македония «Түрік театры» ұлттық мекемесінің 2026 жылғы түркі әлемінің мәдени астанасы – Әндіжанда өтетін ТҮРКСОЙ-дың «IV Халықаралық театр фестиваліне» қатысуы жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді. Тараптар мәдени-рухани және шығармашылық ынтымақтастықты бірлескен жобалар мен өзара гастрольдік көрсетілімдер арқылы дамытуға ниетті екендіктерін растады.