WhatsApp Image 2026-07-15 at 15.06.07 (2)
15 июля 2026 г.

Сұлтан Раев «AzTV» телеарнасына барды

15 июля 2026 г.

Сұлтан Раев «AzTV» телеарнасына барды

ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев Әзербайжанның тұңғыш телерадио ұйымы – Әзербайжан телевизия және радио хабарларын тарату жабық акционерлік қоғамына (AzTV) іссапарымен барды. ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев бастаған делегацияны AzTV төрағасы Ровшан Мамедов қабылдады. Кездесуге Әзербайжан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Селим Бабуллаоглы да қатысты.

Сапар аясында өткен кездесуде ТҮРКСОЙ мен AzTV арасында жүзеге асырылуы мүмкін бірлескен жобалар, түркі әлемінің ортақ мәдени мұрасын халықаралық қоғамдастыққа таныту, медиа саласындағы ынтымақтастықты дамыту және болашақта ұйымдастырылатын бірлескен іс-шаралар төңірегінде пікір алмасылды.

Кездесуде сөз алған ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев Әзербайжан телевизиясының тек Әзербайжан ғана емес, күллі түркі әлемінің маңызды мәдениет және медиа мекемелерінің бірі екенін атап өтіп, былай деді:

«Бүгін ТҮРКСОЙ Бас хатшысы ретінде Әзербайжан телевизиясында қонақта болу мен үшін үлкен мәртебе әрі қуаныш. Тарихы тереңде жатқан Әзербайжан телевизиясы Әзербайжан халқына ғана емес, күллі түркі халықтарына табысты қызмет етуін жалғастырып келеді. Соңғы жылдары мекеме басшылығының ауқымды жетістіктерге қол жеткізгенін зор ризашылықпен бақылап отырмыз. ТҮРКСОЙ мен AzTV арасындағы ынтымақтастық әрқашан жоғары деңгейде болған және біз бұл серіктестікті өте жоғары бағалаймыз».

Сонымен қатар іссапар аясында Әзербайжанның көрнекті кино қайраткері, сценарист, тележурналист әрі аудармашы Рафик Гашимовтың 60 жасқа толған мерейтойына орай кездесу өтті. Түркі әлемінің мәдениет, әдебиет және ғылым саласына елеулі үлес қосқан көптеген тұлғаны көрерменге танытқан Рафик Гашимов бірнеше көркем және деректі фильмдердің сценариін жазып, өзі дайындап жүргізген телебағдарламалары арқылы Әзербайжан медиа тарихында өзіндік өшпес із қалдырған.

Кездесу соңында тараптар өзара естелік сыйлықтар табыстап, бірлесе суретке түсті.

 

Медиа галереясы

WhatsApp Image 2026-07-15 at 15.06.08 (4)
WhatsApp Image 2026-07-15 at 15.06.08 (1)
WhatsApp Image 2026-07-15 at 15.06.07 (6)
WhatsApp Image 2026-07-15 at 15.06.06 (3)
WhatsApp Image 2026-07-15 at 15.06.07 (1)
WhatsApp Image 2026-07-15 at 15.06.06 (4)
WhatsApp Image 2026-07-15 at 15.06.06 (3)
WhatsApp Image 2026-07-15 at 15.06.05

© 2022 TÜRKSOY - Барлық құқық сақталған