PHOTO-2025-11-24-15-32-11
24 ноября 2025 г.

Сұлтан Раев Алматыда маңызды кездесулер өткізді

24 ноября 2025 г.

Сұлтан Раев Алматыда маңызды кездесулер өткізді

Халықаралық ТҮРКСОЙ түркі мәдениеті ұйымы Бас хатшысы Сұлтан Раев Қазақстанның Алматы қаласындағы ЮНЕСКО жанында орналасқан Халықаралық Мәдениеттерді жақындастыру орталығында бірқатар маңызды кездесулер өткізді.

Кездесу барысында Бас хатшы Сұлтан Раев 2023 жылдың 8 қыркүйегінде қол қойылған ТҮРКСОЙ мен Қазақстан халқы Ассамблеясы арасындағы ынтымақтастық туралы хаттама аясында атқарылған жұмыстарды талқылап, алдағы кезеңге жоспарланған жобалар жөнінде пікір алмасты.

Тараптар 2023 жылдан бері жинақталған тәжірибені қолдау, Түркі әлемі елдері арасындағы мәдени байланыстарды күшейту және гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту бағытында жүзеге асқан табысты жұмыстарды атап өтті. Сондай-ақ 2025 жылы Қазақстанда ұйымдастырылған V халықаралық «Қорқыт Ата» фильм фестивалі мен III ТҮРКСОЙ халықаралық театр фестивалі, сондай-ақ ұлы қазақ ойшылы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойының түркі әлемінде кең ауқымда аталып өтуі маңызды мысал ретінде көрсетілді.

Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Расул Ахметов ТҮРКСОЙ-мен ынтымақтастықтың 2025 жылға арналған басым бағыттардың бірі екенін атап өтті. Ал Алматы қаласы республикалық «Достық» үйінің директоры Нұрсауле Әлтекова Анкарада ТҮРКСОЙ штаб-пәтерінде өткен жоғары деңгейлі кездесулер жаңа серіктестік мүмкіндіктерін ашқанын жеткізді.

Кездесудің ерекше сәті – ТҮРКСОЙ марапаттарының табысталуы болды. Бас хатшы Сұлтан Раев қазақ мәдениетіне және түркі әлемінің мәдени дамуына қосқан үлесі үшін төмендегі тұлғаларды марапаттады:

  • Алматы қаласы «Достық» үйінің директоры Нұрсауле ӘлтековаТҮРКСОЙ Алтын медалімен;
  • Қазақстан  қырғыздары қауымдастығы Аналар кеңесінің төрайымы Чинара Мамбетаалиева;
  • Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Болат Оспанов;
  • Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің мүшесі Гүлжан ТөлековаТҮРКСОЙ Құрмет грамотасы.

Марапаттау рәсімінде Сұлтан Раев:
«Қазақстан – түркі әлемінің жүрегі. Бұл жердегі әрбір бастама ортақ мәдени мұрамызды байытып, оны жас ұрпаққа жеткізуге қызмет етеді. Қазақстан халқы Ассамблеясымен әріптестігіміз алдағы уақытта да жемісті боларына сенемін», — деп атап өтті.

 

Медиа галереясы

WhatsApp Image 2025-11-25 at 18.51.19
PHOTO-2025-11-24-15-32-43 (1)
PHOTO-2025-11-24-15-32-44
PHOTO-2025-11-24-15-32-11

© 2022 TÜRKSOY - Барлық құқық сақталған