ef25b417-b42f-4ff6-adcb-4fb5e34e8db4
30 марта 2024 г.

Сұлтан Раев 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі дирекция басшылығының қабылдауында болды

30 марта 2024 г.

Сұлтан Раев 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі дирекция басшылығының қабылдауында болды

Астанада Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі дирекция басшысының орынбасары Абылай Қондыбаевпен кездесті. Жиынға сондай-ақ Қазақстанның ТҮРКСОЙ-дағы өкілі Бақытжан Омар мен дирекция ұжымы қатысты.

Басқосуда  биыл қыркүйек айының 8-14-і аралығында өтетін көшпенділер ойыны талқыланды. Осы орайда Раев Қондыбаевқа шара бағдарламасына түркі елдерінің айтыскерлерінің қатысуымен "Халықаралық айтыс" және "Этномода" фестивалін ұйымдастыру жайлы ұсынысын айтты. Дирекция басшысының орынбасы бұл ұсынысты құба-құп көретінін, алда қажетті құжаттар мен дайындықтардың жүргізіп бастайтынын жеткізді.

Жиын соңында Раев Қондыбаевқа ТҮРКСОЙ табақшасын сыйға тартып, естелік суретке түсті.

Айта кетейік, ТҮРКСОЙ 2022 жылы Бурса қаласының Изник ауданында өткен 4-ші дүниежүзілік көшпенділер ойынының ашылу және жабылу салатанатын өткізуге ат салысқан болатын.

Медиа галереясы

d55277b3-d8a1-4aae-83e3-f470c59897bd
e6cf1fe9-9d4a-4a6d-90e8-6c362d698e97
07302615-d635-4dee-9842-1980d012d0b8
79acb8ea-e486-4d80-83f8-58ac3b2422c1

© 2022 TÜRKSOY - Барлық құқық сақталған