― 23 июня 2026 г.
Шавкат Мирзиёев қатысты: Өзбекстанда III Халықаралық жыраулық өнер форумы басталды
Өзбекстанның Наманган қаласында ұйымдастырылған III Халықаралық жыраулық өнер форумы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің қатысуымен өткен салтанатты шарамен ашылды.
Жиында қатысушыларға арнап сөз сөйлеген Президент Мирзиёев ЮНЕСКО-ның адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасы тізіміне енген жыраулық өнердің жай ғана әуен емес, ұлттың таным-түсінігі және жүректерді тоғыстыратын рухани көпір екенін ерекше атап өтті. Салтанатты шараға ЮНЕСКО, ИСЕСКО, Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ), Халықаралық ТҮРКСОЙ түркі мәдениеті ұйымы, Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры сияқты халықаралық ұйымдардың өкілдері және 80-нен астам елден 250-ге жуық мәдениет пен өнер елшісі қатысты.
«Дүниежүзілік жыраулық өнер орталығы» мен «Халықаралық жыраулық өнер академиясы» құрылады
Президент Мирзиёев өз сөзінде жыраулық өнердің жаһандық деңгейде сақтап, дамытуға бағытталған жаңа бастамаларды жариялады. «Жаңа Ташкент» жобасы аясында бой көтеретін зәулім кешеннің «Дүниежүзілік жыраулық өнер орталығы» деп аталатынын және оның құрамында мен «Халықаралық жыраулық өнер академиясы» құрылатынын мәлімдеді. Бұл академияда өзбек мақамымен қатар араб, түрік, парсы, тәжік және үнді классикалық музыкасы бойынша білім берілетін болады.
Сонымен қатар, әлемдегі сирек кездесетін музыкалық қолжазбалар мен нота мұрағаттары жинақталған цифрлық кітапхана ашу, «Дүниежүзілік жыраулық өнер антологиясын» әзірлеу және осы саланың ғалымдары мен өнерпаздарын ынталандыру мақсатында екі жылда бір рет берілетін «Халықаралық жыраулық өнер сыйлығын» тағайындау туралы шешім қабылданды. Мирзиёев Бұхара, Самарқан, Хиуа, Қоқан, Шахрисабз және Ташкент сияқты тарихи қалаларды қамтитын «Жыраулық өнер жолы» атты жаңа мәдени-туристік маршруттардың жасақталатынын да тілге тиек етті.
Форумды қабылдаушы Наманган қаласының мәдени байлығы мен осы өңірден шыққан ұлы ақындарға тоқталған Президент Шавкат Мирзиёев, қалада дәл қазір қатар өтіп жатқан 65-ші Халықаралық гүлдер фестиваліне де назар аударды. Биыл аталған фестиваль аясында 150 миллионнан астам гүл көшеті отырғызылып, бұл көрсеткішпен шара Гиннесс рекорд кітабына енгенін еске салды.
ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Раев салттанатты ашылу бағдарламасына қатысты
Ауқымды халықаралық деңгейде ұйымдастырылған форумның ашылу салтанатында Халықаралық ТҮРКСОЙ түркі мәдениеті ұйымы да бой көрсетті. «2026 жылғы түркі әлемінің мәдени астанасы» болып жарияланған Әндіжандағы ашылу шараларына және түрлі ресми кездесулерге байланысты Өзбекстанда жүрген ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев Намангандағы форумға арнайы қатысып, салтанатты ашылу бағдарламасы мен одан кейін ұйымдастырылған мерекелік концертті тамашалады.