― 3 сентября 2026 г.
Сайит Юсуф Ұлттық білім беру министрі Юсуф Текинмен түркі әлемі жастарына мәдени-білім беру жобаларын талқылады
Халықаралық ТҮРКСОЙ түркі мәдениеті ұйымы Бас хатшысының орынбасары Сайит Юсуф бастаған делегация Ұлттық білім беру министрі Юсуф Текинмен кездесті.
Басқосуда ТҮРКСОЙ мен Ұлттық білім беру министрлігінің ынтымақтастығы аясында бұған дейін жүзеге асырылған бірлескен жобалар мен түркі әлеміне бағытталған іс-шаралар сараланып, өзара пікір алмасылды.
Сондай-ақ кездесу барысында түркі әлеміндегі балалар мен жастарға арналып қолға алынған мәдени-білім беру жобаларының маңыздылығы сөз болды. Бұл бастамалардың жас ұрпақтың ортақ мәдени мұраны жақынырақ тануына, түркі әлеміне деген таным-түсінігін арттыруға және елдер арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға қосатын үлесі айрықша атап өтілді.
Жиын соңында ТҮРКСОЙ мен Ұлттық білім беру министрлігі арасындағы әріптестікті алдағы уақытта да жалғастыру, әсіресе, балалар мен жастарды ортақ мәдениет, өнер мен білім беру құндылықтары төңірегінде біріктіретін жаңа жобаларды жүзеге асырудың маңыздылығы айтылды