― 2 июля 2024 г.
"Отандастар қоры" президенті Данияр Қадыров ТҮРКСОЙ-ға арнайы келді
"Отандастар қоры" комерциялық емес акционерлік қоғам президенті Данияр Қадыров пен Қазақстанның Анкарадағы елшісі Еркебұлан Сәпиев ТҮРКСОЙ ұйымында болып, пікір алмасты. ТҮРКСОЙ Бас хатшысының орынбасары Сайит Юсуфқа Қадыров қордың қызметі туралы ақпарат берді. “Отандастар қорының” Қазақстаннан тыс жерде тұратын қазақтардың ұлттық болмысын жоғалтпауы үшін жұмыс істейтінін атап өткен Қадыров ТҮРКСОЙ-дың бүкіл түркі әлемін қамтитын қызметін қызығушылықпен және жоғары бағалайтындарын айтып, "Отандастар" қоры арасындағы екіжақты ынтымақтастыққа басымдық беретінін жеткізді. Сондай-ақ қор мен ТҮРКСОЙ арасындағы бірлескен іс-шаралар жайы талқыланды.
ТҮРКСОЙ ұйымы Бас хатшысының орынбасары Сайит Юсуф арнайы келген делегацияға шын жүректен ризашылығын білдіріп, Бас хатшы Сұлтан Раевтың сәлемін жеткізді.
"ТҮРКСОЙ – үлкен идеяның көрінісі. Түркі мемлекеттері арасындағы тұңғыш ынтымақтастық ұйымы ТҮРКСОЙ-дың құрылу мотивтеріне сәйкес жұмысын жалғастырады. Түркі әлемінің мәдени дамуы мен жастарымызды ұлттық құндылықтардан хабардар ету – біздің ең маңызды басымдықтарымыз, - деді Сайт Юсуф.
Кездесу соңында ТҮРКСОЙ атынан қазақстандық делегацияға түрлі сыйлықтар табысталды.