― 28 октября 2024 г.
Өзбекстандағы мәдениет апталығы аясында конференция өтті
Ислам өркениеті орталығында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің бастамасымен құрылған «Шығыс Ренессансы феномені: мемлекеттер, діндер, тұлғалар және өркениеттер» атты конференция өтті.
Шара аясында Өзбекстан Ислам өркениеті орталығының Үйлестіру комитеті, Халықаралық сарапшы кеңесінің және кеңейтілген ғылыми комитетінің пленарлық отырысы өтті. Жиын барысында Ташкент қаласының тарихи жерінде Ислам өркениеті орталығының ғылым, ислам тағылымы, тарих, руханият және мәдениет салаларындағы жобалары таныстырылды. Конференцияға әлемнің түкпір-түкпірінен жетекші тарихшылар, археологтар, мамандар, мұражайлар, реставраторлар, дін қызметкерлері, каллиграфтар, заманауи цифрлық технологиялар мамандары, жазушылар мен суретшілер қатысты. Жиынды ашқан Өзбекстан Президентінің кеңесшісі Хайриддин Султанов Өзбекстанда жаңару үрдісі білім және мәдениет салаларындағы түбегейлі оң өзгерістермен қатар жүріп жатқанын ерекше атап өтті.
Хайриддин Султанов өз сөзінде «Жаңа Өзбекстанның жарқын және жоғары рухани символы – Ислам өркениеті орталығы болып табылады. Мәдени мұра апталықтарының жоғары деңгейде өткізілуі – еліміздің игілігінің көрсеткіші. Үшінші Ренессанстың туған жеріне айналды. Бүгін, ғылым әлемін өмірімен, еңбектерімен нұрландырған ұлы ойшылдардың алауы тағы да жарқырап тұр десек, артық айтқандық болмас. Бұл, мемлекет басшысының бастамасымен құрылған Ислам өркениеті орталығындағы мәдени-әлеуметтік-гуманитарлық салаларда жүзеге асырылып жатқан ірі жоба. Бұл орталық мемлекетіміздің тарихын, дәстүрлері мен құндылықтарын, сондай-ақ еліміздің қазіргі және болашақтағы мақсаттарын қамтитын даму стратегиясының мақсаттары мен міндеттерін көрсететіндігімен де маңызды. Ата-бабамыз қол жеткізген жоғары деңгейге сүйене отырып, біз жаңа өмір, жаңа қоғам мен жаңаша ойлаумен өркениет құруға және қазіргі жаһандық орнымызды алуға бел байладық. Осы тұрғыда Өзбекстандағы Ислам өркениеті орталығы заманауи білім мен технологияларды меңгерген жаңа өркениет сәулетшілері, еркін және тәуелсіз ойлы жастарды тәрбиелеуге қызмет етуі тиіс.»-деді.
Бас хатшы Сұлтан Раев: «Өзбекстанның мәдени мұрасы бүкіл түркі әлемі үшін өте құнды»
Конференция барысында ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раев Өзбекстан аумағы ежелгі ғылымның, мәдениет пен өнердің бірегей бесігі екенін, бұл ғылыми мұраның түркі халықтары, жалпы адамзат үшін үлкен құндылық екенін атап өтті. «Білім беру саласындағы инновациялардың таңғаларлық нәтижелері – Шавкат Мирзиёевтің белсенді, көреген, адамгершілік, ағартушылық және бейбітшілік сүйгіш саясатының айқын нәтижесі. Бүгінгі таңда Өзбекстан өзінің рухани және зияткерлік мұрасын сақтау, жаңғырту және насихаттауда орасан зор жетістіктерге жетуде.»-деді ол.
Жиында Өзбекстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Музаффар Комилов, IRCICA директоры, профессор Махмуд Ерол Кылыч,Ислам өркениеті орталығының директоры, және Өзбекстан мәдени мұрасын зерттеу, қорғау және тарату қауымдастығының президенті Фирдевс Абдухаликов сөз сөйледі.
Фирдевс Абдухаликов: «Президентіміздің бастамасымен құрылған Өзбекстан Ислам өркениетінің орталығы жақын арада ғылымды, тарихты, мәдениетті, білім беруді біріктіретін жарқын, озық технологиялы орынға айналады.
Абдухаликов өз сөзінде орталықтың ақпараттарымен бөлісті. 2017 жылғы 23 маусымда Өзбекстан Республикасы Президентінің «Өзбекстан Республикасы Министрлері Өзбекстанда Ислам өркениеті орталығын құру шаралары туралы» Жарлығы қабылданды. Осы кезден бастап Өзбекстанда Ислам өркениеті орталығын құру бойынша ауқымды жұмыстар басталды. 2018 жылдың маусым айында Елбасы орталықтың ірге тасын өзі қалап, «Бұл орталықты салудағы мақсат – ислам өркениетін зерделеу, халқымызды және әлем жұртшылығын ұлы бабалар мұрасымен таныстыру», – деген болатын. Бүгінге дейін Елбасы орталықта бірнеше рет болып, жоба мен құрылыс барысын өзі көріп қайтты. Атап айтқанда, орталық қызметін жетілдіруге бағытталған онға жуық қаулылар және басқа да құқықтық актілер қабылданды. Соңғы жеті жылда көптеген жетістіктерге қол жеткізілді. Дегенмен, бұл жобаны жүзеге асыру үшін жергілікті және халықаралық ғалымдардың, сарапшылардың, кеңесшілердің тәжірибесі қажет.
Қатысушыларға орталықтың болашақтағы іс-шаралары білдірілді.