IMG_4270
21 марта 2026 г.

Наурыз думаны: түркі әлемі Измирде бас қосты

21 марта 2026 г.

Наурыз думаны: түркі әлемі Измирде бас қосты

Көктемнің жаршысы – Наурыз мейрамы биыл Измир қаласындағы «Күлтүрпаркте» тойланды. ТҮРКСОЙ ұйымы және Измир қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен шара түркі әлемі өнерпаздарын бір арнаға тоғыстырды.

«Көктем мерекесі» атты бағдарлама 2026 жылдың 21 наурызы күні өтті. Әзербайжан, Түрікменстан, Қазақстан, Солтүстік Кипр Түрік Республикасы, Қырғызстан және Өзбекстаннан келген өнерпаздар қала халқына ерекше көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

«Наурыз – ортақ болмысымыздың жарқын көрінісі»

Өз сөзін ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раевтың сәлемдемесінен бастаған Түрікменстанның ТҮРКСОЙ-дағы өкілі Лачин Овозгельдиева Наурыздың мән-мағынасына тоқталды. 

«Наурыз – табиғаттың қайта жаңғыруы, бейбітшілік пен бауырластықтың нышаны. Ғасырлар бойы түркі әлемінің бай мәдениетінде ерекше орын алған бұл көне мейрам достық, ынтымақтастық және өзара бөлісу құндылықтарын ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келеді».

Сонымен қатар Овозгельдиева Наурыздың халықаралық маңызына да назар аударып, Біріккен Ұлттар ұйымы Бас Ассамблеясының шешімімен 21 наурыздың «Халықаралық Наурыз күні» болып жарияланғанын және оның ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енгізілгенін еске салды.

«Бұл мәдениетті қайта жаңғыртуымыз керек»

Измир қаласының әкімі Джемил Тугай іс-шараның мақсатын «Бауырлас елдермен жақындай түсейік, Измир олармен ынтымақтастығын арттырсын» деген сөздермен түсіндірді. Ол Кеңес дәуірінде Наурыз мерекесін тойлауға тыйым салынғанын атап өтіп, «Бұл мәдениеттің біраз уақыт ұмыт қалғанын көріп отырмыз. Дегенмен, бұл мейрамды Түркиядағы әрбір адам қайта жаңғыртып, зор қуанышпен атап өтуі тиіс» деді.

Әзербайжанның Түркиядағы Елшісі Рәшад Мамедов болса, Наурыздың мыңдаған жылдар бойы тойланып келе жатқан көне мереке екенін айтып, «Бұл алғаш рет Измирде өтіп отыр. Енді біз Измирді әрдайым еске алатын боламыз. 2026 жылды ұмытпаймыз» деді.

Бір күнге созылған думан

Күні бойы тойланған бағдарламада шеберлік сабақтары, эбру өнері, жұмыртқа бояу, оттан секіру және темір соғу секілді балалар мен ата-аналарға арналған сабақтар өтті.

Негізгі сахнада ТҮРКСОЙ-дың би және музыкалық бағдарламасы ұсынылды. Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан өнерпаздары өнер көрсеткен концертте Қазақстанның «Аққу» би ансамблінің «Бұлғын Сусар» шығармасы көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Сондай-ақ әншілер Чинаре Меликзаде, Шахсенем және «Туал» тобының өнерлері де көрермен көзайымына айналды.

Бағдарлама барлық өнерпаздың бірлесіп орындаған «Наурыз» әнімен қорытындыланды.

 

Медиа галереясы

IMG_4514
_MR32761
_MR32119
_MR31115
_MR_9843
_MR_8523
_MR33302
_MR_0241
_MR33425
_MR31986
IMG_4213
IMG_4241
IMG_4273
IMG_4235
IMG_4278
IMG_4251
IMG_4299
IMG_4290
IMG_4297
IMG_4352
IMG_4354
IMG_4354
WhatsApp Image 2026-03-21 at 19.08.23 (1)
WhatsApp Image 2026-03-21 at 19.08.23
WhatsApp Image 2026-03-21 at 19.08.24
WhatsApp Image 2026-03-21 at 19.08.24 (1)
WhatsApp Image 2026-03-21 at 19.08.30
WhatsApp Image 2026-03-21 at 19.08.32
IMG_4307

© 2022 TÜRKSOY - Барлық құқық сақталған