WhatsApp Image 2025-05-06 at 18.19.00 (2)
6 мая 2025 г.

Мармаристе «Түркі әлемі суретші әйелдер кездесуі» басталды

6 мая 2025 г.

Мармаристе «Түркі әлемі суретші әйелдер кездесуі» басталды

Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы мен İstasyon қорының ұйымдастыруымен «Түркі әлемінің суретші әйелдер кездесуі» өтті. Түркі әлемінің түрлі аймақтарынан келген 10 әйел суретші Мула облысының Мармарис қаласында бір арнаға бас қосты.
11 мамырға дейін жалғасатын бұл іс-шара аясында суретшілер өздерінің мәдени мұраларынан шабыт алып, шығармаларын Мармаристе паш ететін болады.

Түркі әйелінің өнердегі қуаты

ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев іс-шараға орай құттықтау хат жолдап, өнердің біріктіруші күшіне назар аударды:
«Түркі әлемінің әйелдері ежелден қолөнер арқылы көрсеткен көркемдік мұраларын бүгінгі күні заманауи өнер тәсілдерімен ұштастыра танытып отыр. Бұл түркі әйелінің өнердегі қуаты мен эстетикалық көзқарасын тағы бір мәрте айқын көрсетеді», – деді.

Іс-шараны ұйымдастырушылардың бірі – İstasyon қорының төрағасы Али Кылыч та өз сөзінде түркі әлемінің әйел суретшілерін Мармаристе қонақ ету – үлкен қуаныш екенін атап өтіп:
«Суретшілеріміздің ішкі әлемдерінде сомдалып, өз көзқарастарымен бейнеленген туындылардың дүниеге келуіне үлес қосу – біз үшін үлкен бақыт», – деді.

Кездесу барысында жасалған өнер туындылары 11 мамыр күні өтетін гала-кеште Мармарис тұрғындары мен өнерсүйер қауымға ұсынылады.

Бұл шара суретші әйелдердің шығармашылығын қолдаумен қатар, түркі әлемінің мәдени байлығын өнер арқылы кеңінен танытуды мақсат етеді.

Медиа галереясы

WhatsApp Image 2025-05-06 at 18.19.00 (11)
WhatsApp Image 2025-05-06 at 18.19.00 (9)
WhatsApp Image 2025-05-06 at 18.19.00 (6)
WhatsApp Image 2025-05-06 at 18.18.59
WhatsApp Image 2025-05-06 at 18.18.59 (2)

Video Gallery

© 2022 TÜRKSOY - Барлық құқық сақталған