― 17 декабря 2025 г.
Қырғыз Республикасының Мемлекеттік хатшысы Арслан Койчиев ТҮРКСОЙ-ға зиярат етті
Қырғыз Республикасының Мемлекеттік хатшысы Арслан Койчиев Халықаралық ТҮРКСОЙ түркі мәдениеті ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раевтың жұмыс орнына арнайы келді.
Кездесу барысында Қырғызстан мен ТҮРКСОЙ арасындағы қазіргі ынтымақтастық бағыттары, жүзеге асырылып жатқан жұмыстар және алдағы кезеңде іске асырылуы жоспарланған ауқымды мәдени жобалар талқыланды. Осы аяда түркі дүниесінің ең маңызды мәдени іс-шараларының бірі саналатын Дүниежүзілік көшпенділер ойындары бастау алған ортақ жобалар мен халықаралық деңгейдегі іс-шаралар жөнінде пікір алмасылды.
ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев кездесуге ризашылығын білдіріп, Арслан Койчиевті Қырғыз Республикасының Мемлекеттік хатшысы қызметіне тағайындалуымен құттықтады және жаңа қызметінде табыс тіледі. Сондай-ақ Раев Қырғызстанның ТҮРКСОЙ-дың түркі дүниесі елдері арасындағы мәдени байланыстарды нығайту жолындағы жұмыстарына қосып отырған үлесінің айрықша маңызға ие екенін атап өтті.
Қырғыз Республикасының Мемлекеттік хатшысы Арслан Койчиев өз кезегінде ТҮРКСОЙ-дың түркі дүниесі үшін стратегиялық әрі мәдени маңызына тоқталды. ТҮРКСОЙ ортақ тарих, тіл мен мәдениет негізінде түркі халықтары арасында берік байланыс орнатып отырғанын атап өткен Койчиев, Қырғызстаннан шыққан көрнекті мәдениет қайраткерлерінің бірі Сұлтан Раевтың ТҮРКСОЙ Бас хатшысы қызметін атқарып отырғанына қанағаттанатынын білдірді. Ол Сұлтан Раевтың басшылығымен ТҮРКСОЙ-дың халықаралық аренадағы танымалдығы мен ықпалы одан әрі арта түсетініне сенім білдірді.