1bebd5ab-1869-4b01-ac71-1f02c152fdae
3 мая 2024 г.

«Қожанасыр – қиын күндердің досы» фильмінің түсірілімі тамыз айында басталады

3 мая 2024 г.

«Қожанасыр – қиын күндердің досы» фильмінің түсірілімі тамыз айында басталады

Әзербайжан астанасы Бакуде өткен VI Дүниежүзілік мәдениетаралық диалог форумы аясында «Қожанасыр – қиын күндердің досы» фильміне қатысты баспасөз жиыны өтті.

Басқосуда ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев, фильмнің сценарсті әрі режиссері Вагиф Мустафаев және продюсері Заур Дарабзаде БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

2023 жылдың қазан айында түркі әлемінің мәдени астанасы Шуша қаласында өткен ТҮРКСОЙ тұрақты кеңесінің 40- отырысында түркі әлемінің ортақ фольклор қаһарманы, Қожанасыр туралы фильм түсіру туралы шешім қабылданғанын еске салған Раев фильмнің ұйымға мүше елдердің мәдениет министрліктері мен ТҮРКСОЙ ұйымының қолдауымен түсірілетінін айтты. 

Түркі әлемінің ортақ фильмінің Әзербайжанмен қатар Түркия, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанда түсірілетініне назар аударған режиссер Вагиф Мустафаев: «Фильмде түркі мемлекеттерінің режиссерлері бас қосады, көрерменді қуантуды мақсат етеміз. Сол үшін де бар күш-жігерімізді аямаймыз»,  –   деді.

Фильмнің түсірілім жұмыстары биыл тамыз айында басталатынын айтқан продюсер Заур Дарабзаде 100 минуттық фильмнің әртүрлі бөліктері туысқан түркі республикаларында түсірілетінін, басты рөлге Түркияның танымал актерлерінен бірі шақыратынын жеткізді. 

Осылайша тамыз айында түсіріліміне басталатын туынды көпшілікке 2025 жылы жол тартады деп жоспарлануда. 

Медиа галереясы

a2cef0904d29c641719d16af8a16674d
1bebd5ab-1869-4b01-ac71-1f02c152fdae

© 2022 TÜRKSOY - Барлық құқық сақталған