kazakistan
16 декабря 2025 г.

Қазақстанның Тәуелсіздік күні құтты болсын!

16 декабря 2025 г.

Қазақстанның Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Қадірлі Қазақстан халқы!

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін жариялағанына 34 жыл толуымен Сіздерді шын жүректен құттықтаймын.

1991 жылғы 16 желтоқсан – түркі дүниесі үшін де жаңа дәуірдің басталған күні болды. Бүгінде Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасы мен көреген басшылығының арқасында Қазақстан өңірлік тұрақтылық пен түркі бірлігінің маңызды тірегі ретінде ірі жетістіктерге қол жеткізіп келеді.

Осы мерейлі күні тәуелсіздік жолында тер төккен қаһармандарды құрметпен еске алып, бауырлас Қазақстан халқына мәңгілік азаттық, өсіп-өркендеу мен бейбіт те берекелі болашақ тілеймін.

16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні құтты болсын!

 

Құрметпен, 

ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан РАЕВ

© 2022 TÜRKSOY - Барлық құқық сақталған