― 3 июня 2025 г.
«IV түркі әлемі әдебиеті» мен кітап фестивалі сәтті өтті
ТҮРКСОЙ және Әзірбайжан Жазушылар Одағының бірлесіп ұйымдастыруымен, 2025 жылғы 24-31 мамыр аралығында Бакуде «Бахтияр Вахабзаде жылы» аясында өткен «IV түркі әлемі әдебиеті»мен кітап фестивалі үлкен қызығушылықпен өтті.
Фестивальдің салтанатты ашылуында Әзербайжан Жазушылар Одағының төрағасы Анар, Әзербайжан Ұлттық Ғылым Академиясының төрағасы Иса Хебиббейли, депутат Елчин Мирзабейли, Халықаралық Түрік Академиясының өкілі Айнұр Майемерова және Түрік Әлемінен көптеген танымал жазушылар мен ақындар қатысты.
Сегіз күн бойы жалғасып, әдебиет сүйер қауымның зор қызығушылығын тудырған фестиваль Қырғызстан, Өзбекстан, Мажарстан, Қазақстан, Әзірбайжан, Түркия, Түрікменстан және Солтүстік Кипр Түрік Республикасы — құрметті қонақ ретінде таныстырылды.
Әзірбайжан Ұлттық Ғылым Академиясының алдына орнатылған алаңдарда түрлі баспалардың барлық жастағы оқырмандарға арналған кітаптары кітапсүйер қауыммен кездесті.
Фестиваль аясында сондай-ақ маңызды әдебиет қайраткерлерінің туған күндеріне арналған еске алу панельдері өткізілді.
Оның ішінде,
Юсиф Самедоғлының 90 жылдығы,
Сүлейман Рахимовтың125 жылдығы,
Сейид Әзим Ширванидың 190 жылдығы,
Фикрет Кожаның 90 жылдығы,
Джават Хейттің т 100 жылдығы,
Абай Құнанбайұлының180 жылдығы,
Сүлейман Сани Ахундовтың 150 жылдығы,
Ресул Рызаның 115 жылдығы,
Үзір Хажибейлідің 140 жылдығы,
Бахтияр Вахабзаденің 100 жылдығы және
Нихал Атыздың 120 жылдығына орай арнайы сессиялар өткізілді.
Осы сессияларда сөз сөйлеген ақындар мен жазушылар аталған әдеби қайраткерлердің өмірі, шығармалары және әдебиетімізге қосқан үлестері туралы пікірлерін білдіріп, өздерінің туындыларынан мысалдар оқып, тыңдаушылардың ықыласына бөленді.
Бағдарлама аясында сондай-ақ:
«Қырғыз әдебиеті»,
«Шыңғыс Айтматов және дүниежүзілік әдебиет»,
«Әзербайжан - Түркия әдеби-мәдени қатынастары»,
«Ирак, Керкук әдебиеті»,
«Өзбек әдебиеті»,
«Мажар әдебиеті»,
«20- ғасырдағы мажар поэзиясынан үзінділер»,
«Қазақстан әдебиеті»,
«Оңтүстік Әзербайжан әдебиеті: жаңа басылымдар – аудармалар»,
«Әзербайжан Халық Республикасы»,
«Түркия әдебиеті»,
«Түрікменстан әдебиеті»,
«Махтумкулу Фирағы және Әзербайжан» және
«Солтүстік Кипр әдебиеті» тақырыптарындағы панельдерде бауырлас елдердің қазіргі әдебиеттері талқыланды; ортақ түрік әдебиетінің дамуына қосқан үлестері бағаланды.
Фестивальдің жабылу салтанатында сөз сөйлеген ТҮРКСОЙ Әзербайжан өкілі Елчин Гафарлы ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раевтің сәлемін жеткізіп, ұйымдастырушылықтың сәтті өтуіне байланысты Әзербайжан Жазушылар Одағы мен Әзербайжан Мәдениет министрлігіне алғысын білдірді. Гафарлы қазіргі түрік әдебиетіне үлес қосқан жазушылар мен ақындарға, сондай-ақ фестивальдің өтуіне еңбек сіңірген мекеме-ұйымдардың өкілдеріне ТҮРКСОЙ медальдары мен плакеталарын табыс етті.