― 27 апреля 2025 г.
Хивада «IV Халықаралық жыраулық өнер фестивалі» басталды
Түркі әлемінің көне ауызша мәдениет дәстүрінің маңызды өкілдік түрлерінің бірі саналатын жыраулық өнері Өзбекстанның тарихи Хива қаласында өткен «IV Халықаралық жыраулық өнерфестивалі» арқылы тағы бір мәрте әлем қауымдастықтарына таныстырылды.
2025 жылдың 26-28 сәуір аралығында өткен фестиваль 40-тан астам елден келген шамамен 200 әртіс пен зерттеушінің басын қосты.
Фестивальдің салтанатты ашылуы және халықаралық қатысу
Фестивальдің салтанатты ашылу рәсімі 26 сәуір күні Хивада жоғары деңгейде өтті. Ашылу салтанатына Өзбекстан Мәдениет министрі Озодбек Назарбеков, Әзербайжан Мәдениет министрі Адил Керимли, Қырғызстан Мәдениет министрінің орынбасары Гүлбара Абдықалықова, TҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев, TҮРКПА Бас хатшысы Мехмет Сүрейя Ер, Түркі мәдениеті және мұрасы қорының төрайымы Ақтоты Райымқұлова, Түркі академиясының президенті Шахин Мұстафаев және Түркі әлемінен келген көптеген мәдениет министрлері, халықаралық ұйымдардың өкілдері мен ғалымдар қатысты.
Фестиваль аясында 26-27 сәуір күндері «II түркі әлемі мәдениет форумы» және «Жаңа Өзбекстандағы жыраулық өнер: заманауи зерттеулер мен көзқарастар» атты халықаралық форум ұйымдастырылды. Өз саласының жетекші сарапшылары жыраулық өнерінің өткені, бүгіні және болашағы туралы баяндамалар жасады. 27 сәуір күні өткен халықаралық байқауда шетелдік және өзбекстандық өнерпаздар эпикалық өнер көрсету және аспаптық орындау санаттарында шеберліктерін танытты.
Байқаудың жеңімпаздарын Өзбекстан, Венгрия, Әзербайжан, Қазақстан, Ресей, Кувейт және Моңғолия елдерінен келген қазылар алқасы бағалады. Жеңімпаздарға жалпы көлемі 7000 АҚШ доллары болатын Бас жүлде және түрлі дәрежедегі сыйлықтар табыс етілді.
Бақсы өнерінің болашаққа жеткізілуі және TҮРКСОЙ-дың үлесі
TҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев фестиваль соңында сөйлеген сөзінде жыраулық өнерінің түркі әлемінің ортақ рухын және ауыз әдебиеті дәстүрін ғасырлар бойы сақтап келгенін атап өтіп, бұл өнерді қорғау және келер ұрпаққа жеткізу үшін халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығына назар аударды:
«Жыраклық өнері – жай ғана өнер емес, ол – халықтың ар-намысы. Өткені мен болашағын жалғап тұрған, жүректерге жол табатын көпір. Бұл мәдени мұраны сақтау – тек біздің ғана емес, күллі түркі дүниесінің ортақ міндеті», - деді ол.
Сұлтан Раев фестивальдің маңыздылығына да тоқталды:
«Бүгін мұнда біз тек фестиваль емес, халықтарымыз арасындағы көне байланыстарды қайта жаңғыртатын үлкен кездесудің куәсі болудамыз. Жыраулық өнері – Түркі дүниесінің түкпір түкпірінде жаңғырып жатқан үн. Бұл үнді әлемге бұрынғыдан да айқынырақ жеткізуіміз керек. TҮРКСОЙ ретінде біз бұл мәдени мұраны сақтау ісін міндет емес, жүрек қалауы ретінде қабылдаймыз», - деді ол.
Фестивальдің салтанатты жабылуында байқау жеңімпаздарына марапаттар табысталды және түркі дүниесінің ортақ мәдени мұрасы болып саналатын бақсы өнерінің халықаралық деңгейде насихатталуына қосқан үлестері үшін алғыс білдірілді.
Фестивальге TҮРКСОЙ-ға мүше елдерден қатысқандар қарасы өзге елдерге қарағанда көп болды. Сонымен қатар, Оман, Бразилия, Қытай, Үндістан, Иран, Корея, Малайзия, Мысыр, Франция, Жапония және Ұлыбритания сияқты түрлі елдерден келген өнерпаздар фестивальге ерекше әр берді.
Өзбекстан Президентінің 2018 жылғы 1 қарашадағы Жарлығына сәйкес бастау алған Халықаралық жыраулық өнері фестивалі бұған дейін Термез (2019), Нөкіс (2021) және Гулистан (2023) қалаларында өткен еді. Биыл Хивада жалғасып отыр.