WhatsApp Image 2026-06-22 at 18.03.07 (2)
22 июня 2026 г.

Гагаузияда «XIII Халықаралық түркі әлемі зерттеулеріә симпозиумы және Михаил Чакирді еске алу жиыны өтті

22 июня 2026 г.

Гагаузияда «XIII Халықаралық түркі әлемі зерттеулеріә симпозиумы және Михаил Чакирді еске алу жиыны өтті

Молдоваға қарасты Гагаузия автономиялық аймағының астанасы Комрат қаласында үш күнге созылған «XIII Халықаралық түркі әлемі зерттеулері симпозиумы» ғалымдар мен зерттеушілердің басын қосты.

Түркі мемлекеттері мен Гагаузиядан 100-ден астам ғалым баяндама жасау үшін қатысқан симпозиумның ресми ашылу салтанаты 2026 жылдың 18 маусымында «Комрат» мәдениет орталығында өтті. Ашылу рәсімінде Халықаралық ТҮРКСОЙ түркі мәдениеті ұйымы Бас хатшылығының атынан Түркітілдес қауымдастықтармен байланыс бөлімінің басшысы Барыш Джавид Мовсумлу құттықтау сөз сөйледі.

«Түркі тілімен өмір сүру: Михаил Чакыр және Гагауз түркілерінің күресі» жиыны

Симпозиум аясындағы ең маңызды шаралардың бірі — 2026 жылдың 19 маусымында М. Маруневич атындағы Гагауз ғылыми-зерттеу орталығында ұйымдастырылған Михаил Чакырды еске алу жиыны болды.

Гагауз түркітерінің ағартушылық қозғалысының көшбасшысы Михаил Чакырдың мұрасы талқыланған «Түркі тілімен өмір сүру: Михаил Чакыр және Гагауз түркілерінің күресі» атты жиынның ашылу және құттықтау сөзін ТҮРКСОЙ Бас хатшысының орынбасары Сайит Юсуф онлайн (бейнебайланыс) форматта жеткізді.

Жиында Неджми Уянык, Хикмет Кораш, Проф. Др. Саадеттин Ягмур Гөмеч және Ирина Константинова баяндама жасады. Басқосуда Михаил Чакырдың өмірі, шығармалары, гагауз түркі тілінің дамуына қосқан үлесі, білім беру саласындағы қызметі және гагауз түркілерінің мәдени бірегейлігін сақтаудағы рөлі жан-жақты сөз болды.

Ғылыми талқылаулар мен баяндамалардан кейін аяқталған жиын соңында ТҮРКСОЙ өкілі Барыш Джавид Мовсумлу баяндамашыларға ТҮРКСОЙ Бас хатшылығының атынан алғыс хаттар мен естелік плакеттер табыс етті.

Медиа галереясы

WhatsApp Image 2026-06-22 at 18.22.47
WhatsApp Image 2026-06-22 at 18.22.47 (1)
WhatsApp Image 2026-06-22 at 18.22.46
WhatsApp Image 2026-06-22 at 18.22.46 (1)
WhatsApp Image 2026-06-22 at 18.22.46 (2)
WhatsApp Image 2026-06-22 at 18.22.45
WhatsApp Image 2026-06-22 at 18.22.45 (3)
WhatsApp Image 2026-06-22 at 18.22.45 (2)
WhatsApp Image 2026-06-22 at 18.22.45 (1)
WhatsApp Image 2026-06-22 at 18.03.07
WhatsApp Image 2026-06-22 at 18.03.07 (3)
WhatsApp Image 2026-06-22 at 18.03.07 (1)
WhatsApp Image 2026-06-22 at 18.03.07 (2)

© 2022 TÜRKSOY - Барлық құқық сақталған