WhatsApp Image 2025-12-15 at 23.26.38
16 декабря 2025 г.

Эр-Рияд қаласында UNAOC-тың XI Жаһандық форумы аясында Жоғары деңгейдегі Достар тобының отырысы өтті

16 декабря 2025 г.

Эр-Рияд қаласында UNAOC-тың XI Жаһандық форумы аясында Жоғары деңгейдегі Достар тобының отырысы өтті

Біріккен Ұлттар ұйымының Өркениеттер альянсы (UNAOC) тарапынан Сауд Арабиясы Корольдігінің астанасы Эр-Рияд қаласында ұйымдастырылған XI Жаһандық форум аясында Жоғары деңгейдегі Достар тобының отырысы өтті.

Отырыста сөз сөйлеген Халықаралық ТҮРКСОЙ түркі мәдениеті ұйымы Бас хатшысының орынбасары Сайит Юсуф өркениетаралық диалогты дамыту, өзара түсіністік пен мәдени әралуандықты сақтау, әлемдік бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етудегі шешуші маңызға ие екенін атап өтті.

Сайит Юсуф өз сөзінде форумның Эр-Рияд қаласында өтуінің тарихи әрі символдық мәніне де тоқталды. Мекке мен Мәдинаның тек ислам әлемі үшін ғана емес, сонымен қатар түркі дүниесі үшін де терең рухани және мәдени маңызға ие екенін еске салған ол, UNAOC Жаһандық форумының осы қасиетті өңірде өтуі әмбебап құндылықтар төңірегінде қалыптасқан ортақ ерікті айқын көрсететінін жеткізді.

Сонымен қатар, Сайит Юсуф ТҮРКСОЙ ұйымының 1993 жылдан бері түркі мәдениетін сақтау және дәріптеу мақсатында атқарып келе жатқан қызметіне, сондай-ақ кең географияны қамтитын ынтымақтастықтар арқылы мәдени дипломатияға қосып отырған үлесіне тоқталды. Сөзінің жалғасында әлемнің түрлі аймақтарында болып жатқан қақтығыстар мен қауіпсіздік мәселелеріне назар аударған ол, адамзат алдында тұрған осы күрделі сын-қатерлер кезеңіндегі UNAOC миссиясының айрықша маңызын атап өтті.

Отырыс өркениетаралық диалогты тереңдету және жастардың бейбітшілік үдерістеріне қатысуын басты қағида еткен UNAOC-тың XI Жаһандық форумы Қорытынды декларациясының қабылдануымен аяқталды.

Медиа галереясы

WhatsApp Image 2025-12-15 at 23.26.40
WhatsApp Image 2025-12-15 at 23.26.40 (1)
WhatsApp Image 2025-12-15 at 23.26.39
WhatsApp Image 2025-12-15 at 23.26.38 (1)
WhatsApp Image 2025-12-15 at 23.26.37
WhatsApp Image 2025-12-15 at 23.26.31

© 2022 TÜRKSOY - Барлық құқық сақталған