― 28 июня 2025 г.
Даламен үндескен ата-баба өнері: Ақтауда түркі халықтарының шеберлері киіз басты
Ақтауда «Даламен үндескен бабалар өнері» атты халықаралық фестиваль аясында түркі әлемінің қолөнер шеберлері теңіз жағалауында бас қосып, ортақтаса киіз басты. Шара «Ақтау – 2025 Түркі әлемінің мәдени астанасы» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.
Киіз басу жұмыстарына Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Венгрия, Түркия, Башқұртстан, Моңғолия, Қалмақ, Тува, Чувашия елдерінен 15 шетелдік, 30 қазақстандық, барлығы – 45 суретші қатысты.
Түркі әлемінде сезіледі:
Киіз – тек тұрмыстық бұйым емес, әр халықтың рухын, дәстүрін, болмысын танытатын көне өнер туындысы. Бүгінде мұнда атқарылып жатқан бірлескен жұмыстар түркі халықтарының бірлігі мен бауырластығының, ортақ тарихы мен мәдениетінің символдық көрінісі.
Қатысушылар киіз жасаудың барлық кезеңін тәжірибе жүзінде көрсетсе, келушілер де бұл бірлескен өндіріс процесін қызығушылықпен сүйемелдеді.