WhatsApp Image 2025-10-26 at 06.49.57
26 октября 2025 г.

Буранада ТҮРКСОЙ тұрақты кеңесінің жиыналды басқосуы өтті

26 октября 2025 г.

Буранада ТҮРКСОЙ тұрақты кеңесінің жиыналды басқосуы өтті

Халықаралық ТҮРКСОЙ түркі мәдениеті ұйымының ұйымдастыруымен өткен «II ТҮРКСОЙ түркі әлемі жастар форумы» аясында ТҮРКСОЙ Тұрақты кеңесі жиыналды басқосуы болды. Шара Қырғызстанның көне Буранa өңірінде орналасқан Ивановка орта мектебінде өтті.

ТҮРКСОЙ Тұрақты кеңесі жиыны ұйымға толық мүше Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан және Түркия өкілдерінің қатысуымен ұйымдастырылды. Бұл топ тек мүше мемлекеттерді ғана емес, сондай-ақ түркі қауымдастықтары мен диаспора жастарын да біріктіріп, ТҮРКСОЙ Тұрақты кеңесінің құрылымына негізделген арнайы отырыс өткізді.

Жиында жас делегаттар өз елдерінің атынан сөз сөйлеп, түркі дүниесінің мәдени және өнер саласын дамыту, жастардың ортақ жобаларда белсендірек рөл атқаруы, ортақ мәдени мұраны сақтау және болашаққа арналған көзқарасты қалыптастыру сынды мәселелер бойынша пікір алмасты.

Жабылу отырысына ТҮРКСОЙ Бас хатшысының орынбасары Сайит Юсуф, Ахмед Жавад институтының төрағасы, Түркия Ұлы ұлттық мәжілісінің 25-26 шақырылымдарының депутаты, профессор Рухи Эрсой және TUSAŞ / TEI компаниясының бас директоры, профессор Махмут Ф. Акшит қатысып, жастарға қолдау көрсетті.

Іс-шараның ашылуында сөз сөйлеген ТҮРКСОЙ Бас хатшысының орынбасары Сайит Юсуф:
«Көне топырақта түркі дүниесінің болашағын қалыптастыратын жастарымыздың бас қосып, ортақ ерік-жігер танытуы – аса құнды оқиға. Бұл кездесу ата-бабамыздан мирас болып қалған мәдениетіміздің сіздердің қолдарыңызда бұрынғыдан да қуаттана түсетініне айқын дәлел. Осы орайда түркі дүниесінің жас лидерлерін шын жүректен құттықтап, табыс тілеймін», – деді.

«Ортақтаса қабылданған шешім жобаларына қол қойылды»

Симуляцияға қатысқан жас министрлер мен министр орынбасарлары күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жүргізілген пікірталастар нәтижесінде ортақ шешім жобаларына қол қойып, хаттамаға енгізді. Осылайша, түркі дүниесі жастарының бірлігінкөрсететін алғашқы ТҮРКСОЙ Тұрақты кеңесі жиыналды кездесуі болашаққа деген ауқымды жоспарларды талқылаумен өз мәресіне жетті.

Медиа галереясы

WhatsApp Image 2025-10-26 at 06.50.02
WhatsApp Image 2025-10-26 at 06.49.59
WhatsApp Image 2025-10-26 at 06.50.01
WhatsApp Image 2025-10-26 at 06.49.58
WhatsApp Image 2025-10-26 at 06.49.55
WhatsApp Image 2025-10-26 at 06.49.56
WhatsApp Image 2025-10-26 at 06.49.53
WhatsApp Image 2025-10-26 at 06.49.51
WhatsApp Image 2025-10-26 at 06.49.48
WhatsApp Image 2025-10-26 at 06.49.50
WhatsApp Image 2025-10-26 at 06.49.47
WhatsApp Image 2025-10-26 at 06.49.46
WhatsApp Image 2025-10-26 at 06.49.44
WhatsApp Image 2025-10-26 at 06.49.43

© 2022 TÜRKSOY - Барлық құқық сақталған