BDG_9325 (1).JPG
29 апреля 2025 г.

Будапештте ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев пен Венгрияның Мәдениет және инновация министрі Балаж Ханко кездесті

29 апреля 2025 г.

Будапештте ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев пен Венгрияның Мәдениет және инновация министрі Балаж Ханко кездесті

2025 жылдың 29 сәуірінде Будапештте «Мажар-түркі мәдениеті, жоғары білім және инновация» саммиті аясында, ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев пен Венгрияның Мәдениет және инновация министрі Балаж Ханко арасында екіжақты кездесу өтті. Басқосу барысында тараптар мәдени ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге ниетті екендерін жеткізді.

Кездесу басында министр Ханко Бас хатшы Раевті саммитке қатысушы ретінде қарсы алғанына қуанышты екенін білдіріп, Венгрияның ТҮРКСОЙ-мен кез келген ынтымақтастыққа ашық екенін атап өтті. Ол Венгрия мен түркі әлемі арасындағы тарихи және мәдени байланыстарға назар аудара отырып, бұл байланыстардың қазіргі кезде институционалдық ынтымақтастық арқылы одан әрі нығайып жатқанын жеткізді.

Кездесу барысында соңғы жылдары ТҮРКСОЙ мен венгриялық мекемелер арасында өткізілген табысты шараларға да тоқталып өтті. Атап айтқанда, Шандор Петефидің туғанына 200 жыл толуына орай ұйымдастырылған халықаралық поэзия аудармасы байқауы мен Петефи тақырыбындағы суретшілер кездесуі министр Ханко тарапынан жоғары бағаланды. ТҮРКСОЙ-дың осы жобаларға қатысты ұсынған ақпараттық есебі де кездесуде қаралды.

Министр Ханко ТҮРКСОЙ-дың мәдени дипломатия саласындағы қызметінің маңыздылығын атап өтіп, 2019 және 2022 жылдары қол қойылған ынтымақтастық хаттамаларының тиімділігін, бұл ынтымақтастықтың тұрақты дамуына назар аударды.

Сұлтан Раев болса, Венгрияның түркі мәдениетіне деген қызығушылығы мен қолдауын ризашылығын білдірді. Ол Венгрияның түркология ғылымының дамуына қосқан үлесін ерекше атап өтіп, мәдени ынтымақтастықтың тарихи негізге сүйенетінін және ортақ жобалардың осы берік іргетасқа құрылып жатқанын жеткізді.

Тараптар алдағы уақытта жаңа ортақ іс-қимыл жоспарын әзірлеп, мәдени салаларда ынтымақтастықты арттыру жөнінде келісімге келді.


 


 

Медиа галереясы

DSC_5995.JPG

© 2022 TÜRKSOY - Барлық құқық сақталған