― 11 июня 2025 г.
Бішкекте «Шыңғыс Айтматовтың тұлғасы, жады және ортақ мәдениеті» атты жиын өтті
2025 жылдың 10 маусымында ТҮРКСОЙ және Шыңғыс Айтматов институтының ұйымдастыруымен «Шыңғыс Айтматов – түркі әлемінің болашағы» форумы аясында Қырғызстан-Түркия «Манас» университетінің (КТМУ) ұйымдастыруымен «Шыңғыс Айтматовтың тұлғасы, жады және ортақ мәдениеті» атты жиын ұйымдастырылды.
Шыңғыс Айтматов атындағы қалашықтағы Ректорат ғимаратының мәжіліс залында Түркі ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (TİKA), Шетелдегі түркілер жөніндегі басқарма (YTB) және Юнус Эмре институтының (YEE) қолдауымен ҚТМУ ұйымдастырылған шараға ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев бастаған делегация және ғалымдар, студенттер мен қоғам белсенділері қатысты.
ҚТМУ ректоры, профессор, доктор Алпаслан Джейлан модераторлық еткен панельде Анкарада құрылған Шыңғыс Айтматов институты мен қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовтың ойлары мен естеліктері талқыланды.
Айтматов – түркі халықтарының алтын көпірі
ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев алқалы жиында сөйлеген сөзінде Айтматовтың тек әдеби қырымен ғана емес, мәдени біріктіруші рөлімен де түркі әлемі үшін ерекше тұлға екенін атап өтті. Сондай-ақ Раев:
«Түркі бауырларымыздың Айтматов шығармаларына деген ықыласы мен құрметін қырғыз халқына деген құрметтің белгісі деп білеміз. Бүгінгі күні Анкарадағы институттың Бішкекте Айтматов туралы ұйымдастырып отырған бұл алқалы жиынның өтуі өте маңызды. Бұл түркі әлемі арасындағы мәдени және эмоционалдық байланыстың тереңдігін тағы бір рет көрсетеді. Түркі халықтарының өзара үндесуіне септігін тигізген Айтматов – түркі халықтарының алтын көпірі», – деді ол.
Раев сонымен қатар Айтматовтың Кеңес Одағы кезінде жазған шығармаларында да ұлттық құндылықтарға ьлды екенін, қырғыз мәдениетінің ұмытылып бара жатқанына қынжылатынын атап өтіп, бұл ұстаным оның «Ғасырдан да ұзақ күн», «Қош бол Гүлсары», «Ақ кеме» сияқты шығармаларында айқын көрінетінін жеткізді.
«Оны өнер мен махаббатпен толтыру өте қиын»
Топсақал алқа отырысын ашқан сөзінде: «Біз үлкен институттар құрдық. Біз үлкен ғимараттар тұрғыздық. Бұл адамдардың қолынан келеді. Бірақ оны өнермен, махаббатпен, біліммен және шындықпен толтыру өте қиын. Бұл ғасырларды қажет ететін жұмыс. Ұлы суретшілер мен ойшылдарды қажет ететін құбылыс. Сондықтан біз үшін Шыңғыс Айтматовтың орны ерекше», – деді.
Шыңғыс Айтматовтың Англияда көп оқылатынын білгенін айтқан Топсақал Шыңғыс Айтматовтың да түркі әлеміндегі ең көп оқылатын жазушы болуы керектігін баса айтты.
ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Раев Анкарада құрылған Шыңғыс Айтматов атындағы институтқа және Қырғызстандағы білім беру жүйесіндегі ҚТМУ рөліне назар аударды.
ҚТМУ ректорының орынбасары, профессор Алмаз Ибраев Шыңғыс Айтматовтың тек Қырғызстанның ғана емес, күллі түркі әлемінің жазушысы екеніне тоқталды.
Осылайша ашылу сөздері «Шыңғыс Айтматовтағы тұлға, естелік және ортақ мәдениет» атты жиынмен жалғасты.
Түркиядан келген профессор, доктор Мухаммет Ханифи Мацит «Шыңғыс Айтматовтағы амнезиядағы батыс санасының интерпретациясына қарсы мәңнүрттену» атты баяндамасында мына мәселелерге тоқталды:
«Айтматов саяси сала мен авторитарлық/тоталитарлық жүйеге түбегейлі және қарама-қарсы шықпай, қарудың күшінен де, өнер тілімен де тиімді күрес жүргізді. Айтматов өзінің барлық шығармасында қоғамның батысқа бейім сана мен саяси тәжірибе аясында қалыптасқан дәстүрден қалай бас тарта алатынын түрлі кейіпкерлер арқылы көрсетеді» – деді ол.
ҚТМУ оқытушысы, проф., доктор Ләйлә Үкүбаева «Біз білетін және білмейтін Шыңғыс Айтматов» атты баяндамасында Кеңес Одағының Айтматовқа шығармаларын қырғыз тілінде жазуға рұқсат бермегеніне назар аударды.
«Шыңғыс Айтматов және ортақ түркі әдебиеті» атты баяндамасында ҚТМУ оқытушысы доц. профессор, доктор Миргүл Текешова: «Шыңғыс Айтматов өз шығармаларында өз өмірін қиса да, шындықты айтты. Қоғамдық-саяси жүйенің кемшіліктерін батыл сынады. Болып жатқан оқиғаның есебін талап етті. Оның ерекше жолға түсуінің үлкен себебі бар еді: Бұл оның әкесі еді», – деді ол.