― 12 июня 2025 г.
Бішкекте «Айтматов және сурет әлемі» көрмесі ашылды
2025 жылдың 8 маусымында Бішкектегі Ғапар Айтиев атындағы Ұлттық өнер музейіндеҚырғыз әдебиетінің әлемге әйгілі өкілі Шыңғыс Айтматовтың өнері мен интеллектуалдық мұрасын бейнелеу өнерімен біріктіретін «Айтматов және сурет әлемі» атты көрме ашылды.
Көрме ТҮРКСОЙ ұйымының жетекшілігімен «Шыңғыс Айтматов, түркі әлемінің болашағы» атты халықаралық форум аясында ұйымдастырылды.Сондай-ақ шараға Шыңғыс Айтматов атындағы институт және Қырғыз Республикасының Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігі, Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (ТИКА), Шетелдегі түркілер және туысқан қауымдастықтар төрағалығы (YTB) және Юнус Эмре институты да қолдау көрсетті.
Шыңғыс Айтматовтың әдеби шығармаларынан алынған көптеген картина қойылған көрменің салтанатты ашылуында қысқаша құттықтау сөздер айтылды. Жиында сөз сөйлеген ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев Айтматовтың тек қырғыз халқының ғана емес, күллі түркі әлемі әдебиетінде орны бар екенін айтты. Түркия Ұлы ұлттық мәжілісінің Самсун депутаты, Шыңғыс Айтматов институтының президенті Ілияс Топсақал Айтматовтың әлемі өткенді ғана емес, болашақты да нұрландыратынын ерекше атап өтті.
Салтанатты шарада Әзербайжан мемлекеттік суретшісі Сакит Мамедов пен Шыңғыс Айтматовтың ұлы, Шыңғыс Айтматов қорының президенті Эльдар Айтматов та сөз сөйлеп, Айтматовтың өнермен байланысы және соңында қалған өшпес мұрасын түсіндірді.
Қырғыз Республикасы Суретшілер одағының президенті Жақсыбек Жунушев кураторлық еткен көрменің ашылу және құттықтау сөзінен кейін лента қиылып, өнер сүйер қауым Айтматовтың әдеби тереңдігін көрсететін туындыларды тамашалауға мүмкіндік алды.
Айта кетейік, 2025 жылдың 13 маусымына дейін жалғасатын бұл мәнді көрме түркі әлемінің ортақ мәдени құндылықтарының бірі – Шыңғыс Айтматовтың бейнелерін болашақ ұрпаққа жеткізу мақсатында дайындалған.