― 5 мая 2026 г.
Батман университетінде Зия Гөкалп пен Сезаи Каракочты еске алу шарасы өтті
Батман университетінің ұйымдастыруымен Зия Гөкалп пен Сезаи Каракочты еске алу шарасы өтті. Зия Гөкалптың туғанына 150 жыл толуына орай өткізілген іс-шаралар «Зия Гөкалп көрмесінің» ашылуымен басталды.
Бағдарлама аясында өткен «Зия Гөкалптан Сезаи Каракочқа дейінгі ұлттық ояну мен өрлеу» атты панельдік пікірталастың ашылу сөзін Халықаралық ТҮРКСОЙ түркі мәдениеті ұйымы Бас хатшысының орынбасары Сайит Юсуф пен Батман университетінің ректоры Идрис Демир сөйледі.
Панельде сөз алған Түркия Республикасының ТҮРКСОЙ өкілі, Абдуллах Куталмыш Ялчын Зия Гөкалптың «ұлт, тіл және мәдениет» төңірегінде қалыптастырған идеялары күні бүгінге дейін маңызды екенін атап өтті. Ол сонымен қатар мәдени мұраны келешек ұрпаққа аманаттаудың маңыздылығына назар аударды.
Шара аясында Батман университеті Өнер факультетінің хоры түрік халық музыкасынан концерт берді.
Бағдарламаға академиктермен қатар Зия Гөкалп атындағы мектептің, Сезаи Каракоч атындағы мектептің және Батман университеті Филология факультетінің студенттері қатысты.