WhatsApp Image 2026-02-07 at 09.50.13
7 февраля 2026 г.

Бас хатшы Сұлтан Раев Ташкентте «Ислам өркениеті» орталығына барып, Фирдавс Абдухаликовпен кездесті

7 февраля 2026 г.

Бас хатшы Сұлтан Раев Ташкентте «Ислам өркениеті» орталығына барып, Фирдавс Абдухаликовпен кездесті

Халықаралық ТҮРКСОЙ түркі мәдениеті ұйымы Бас хатшысы Сұлтан Раев Өзбекстанға ресми сапары аясында Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзиёевтің бастамасымен Ташкент қаласында салынған Ислам өркениеті орталығына барды. Сапар барысында Сұлтан Раев Орталықтың төрағасы Фирдавс Абдухаликовпен кездесіп, мекеменің қызметі мен жоспардағы жобалар жайын талқылады. 

Өзбекстан Республикасы Президентінің 2017 жылдың 23 маусымындағы қаулысы негізінде 2018 жылдың Рамазан айтында іргетасы қаланған «Ислам өркениеті» орталығы осы уақыт аралығында мұқият жүргізілген құрылыс және абаттандыру жұмыстарының нәтижесінде бой көтерді. Жобаның жүзеге асырылу барысы Президент Шавкат Мирзиёевтің тікелей бақылауында болды.

Өзбек халқының көне сәулет өнері мен заманауи эстетикалық ұстанымдарының сабақтастығы негізінде бой көтерген орталық ғимаратының төрт бағытында биіктігі 34 метрді құрайтын айвандар, ал орталық бөлігінде ұлттық үлгідегі биіктігі 65 метрлік күмбез орналасқан.

Ғимараттың қақ ортасында «Құран Кәрім» залы ислам әлемінің ең құнды рухани мұраларының біріне айналған көне Осман империясы кезіндегі «Құранды» сақтау және таныстыру мақсатында арнайы жабдықталған. Залда Саманилер, Қараханидтер, Хорезмшахтар мен Әмір Темір әулеті дәуірлеріне тиесілі қолжазба нұсқалар, сондай-ақ көне өзбек тіліндегі аудармаларымен бірге әлемдегі ең сирек «Құран» қолжазбалары көпшілік назарына ұсынылады.

Орталық құрамындағы 460 орындық заманауи конференц-зал халықаралық кездесулер мен ғылыми іс-шараларды өткізуге мүмкіндік беретін озық техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Ислам өркениеті орталығы кешені аясында құрылған «Исламға дейінгі өркениеттер», «Бірінші ренессанс», «Екінші ренессанс» және «Жаңа Өзбекстан – Үшінші ренессанс» бөлімдерінде түркі-ислам өркениетінің қалыптасуына зор үлес қосқан ұлы ғұламалардың ғылыми және рухани мұрасы жан-жақты таныстырылады. Аталған бөлімдерде Имам Бұхари, Имам Термези, Әбу Мансұр Матуриди, Баһауддин Нақшбанд және басқа да көрнекті тұлғалардың еңбектері келушілерге ұсынылады.

Өзбекстан тарихында ғылым мен руханияттың дамуына елеулі үлес қосқан Бибі Ханым, Нодира Бегім, Увайси және Анбар Атұн сынды бірегей әйел тұлғалардың қызметіне арналған арнайы экспозициялық алаңдар да қарастырылған.

Орталықтағы назар аударарлық ерекшеліктердің бірі – халықаралық ұйымдарға бөлінген арнайы аймақтар қатарында ТҮРКСОЙ-ға арналған жеке бөлменің болуы. Бұл кеңістікте ТҮРКСОЙ қызметі, түркі халықтарының мәдениеті, дәстүрлері мен ортақ құндылықтарына қатысты материалдар мен экспонаттар орналастырылатын болады. Аталған бастама Өзбекстан мен ТҮРКСОЙ арасындағы мәдени ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған.

Сапар барысында Сұлтан Раев пен Фирдавс Абдухаликов ТҮРКСОЙ-ға бөлінген кеңістікті ұйымның институционалдық болмысына сай жабдықтау және алдағы кезеңде іске асырылуы мүмкін бірлескен жобалар жөнінде пікір алмасты. Жуық арада ашылуы жоспарланып отырған «Ислам өркениеті» орталығы түркі-ислам өркениетінің ғылыми, мәдени және рухани мұрасын тұтастай танытуды мақсат етеді.

Медиа галереясы

WhatsApp Image 2026-02-07 at 20.28.24 (5)
WhatsApp Image 2026-02-07 at 20.28.24 (4)
WhatsApp Image 2026-02-07 at 20.28.24 (1)
WhatsApp Image 2026-02-07 at 20.28.23 (3)
WhatsApp Image 2026-02-07 at 20.28.23 (1)
WhatsApp-Image-2026-02-07-at-16.46.28-(1)
WhatsApp-Image-2026-02-07-at-16.46.30
WhatsApp Image 2026-02-07 at 09.50.12
WhatsApp Image 2026-02-07 at 09.50.12 (5)
WhatsApp Image 2026-02-07 at 09.50.12 (6)
WhatsApp Image 2026-02-07 at 09.50.12 (3)
WhatsApp Image 2026-02-07 at 09.50.12 (4)
WhatsApp Image 2026-02-07 at 09.50.12 (1)
WhatsApp Image 2026-02-07 at 09.50.12 (2)
WhatsApp Image 2026-02-07 at 09.50.11 (3)
WhatsApp Image 2026-02-07 at 09.50.11

© 2022 TÜRKSOY - Барлық құқық сақталған