720__ZVBpTe7q8XEt3n5zjmJC84JqgvYZOk9Q
24 июня 2025 г.

Бас хатшы Сұлтан Раев Өзбекстан Ислам өркениетінің орталығына зиярат етті

24 июня 2025 г.

Бас хатшы Сұлтан Раев Өзбекстан Ислам өркениетінің орталығына зиярат етті

2025 жылдың 23 маусымында Халықаралық ТҮРКСОЙ түркі мәдениеті ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев Өзбекстан астанасы Ташкент қаласындағы Ислам өркениеті орталығына барды. Сапар барысында Раев орталықтың құрылыс және көрмеге дайындық жұмыстарымен танысып, атқарылып жатқан іс-шаралар жайында аұпарат алды.

Ислам өркениеті орталығы ғылыми кеңесінің отырысына құрметті қонақ ретінде қатысқан Сұлтан Раев орталықтың тек Өзбекстан үшін ғана емес, күллі түркі және ислам әлемі үшін стратегиялық және мәдени маңызынатоқталды. Раев бұл ірі жоба Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің «Жаңа Өзбекстан» көзқарасының нақты көрінісі екенін айтты.

Кездесу барысында орталықтың жаңартылған тұжырымдамасы, музей көрмелерін байыту, халықаралық ынтымақтастықтар мен медиа жобалар сияқты түрлі тақырыптар бойынша ақпараттар ортаға салынды. Сонымен қатар, ТҮРКСОЙ мен Ислам өркениеті орталығы арасында өзара ынтымақтастықты нығайту мақсатында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Сапар аясында көрмеге енгізу жоспарланған сирек қолжазбалар, ескі монеталар мен дәстүрлі маталар да таныстырылды. Тұсаукесерлер арасында King's College каллиграфия мектебімен бірлесіп дайындалатын каллиграфия көрмесі, цифрлық медиа жобалары мен аукцион жоспарлары ерекше көзге түсті.

ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев орталықтың тек тарихи мұраны қорғап қана қоймай, болашақта түрік-ислам әлеміндегі мәдени ынтымақтастыққа бағыт-бағдар беретін ғылым және диалог орталығы қызметін атқаратынын айтты.

Қазіргі уақытта құрылысы жүріп жатқан орталық 7 гектар аумақта салынып жатыр. Оның төрт жағында биіктігі 34 метрлік аркалар мен ортасында биіктігі 65 метрлік монументалды күмбез бар. Халықаралық деңгейде ашылуы жоспарланған орталықтың құрылысы 2025 жылдың соңында аяқталмақ.

Медиа галереясы

720__ZVBpTe7q8XEt3n5zjmJC84JqgvYZOk9Q
720__cXd9fiwKzJ4TkOibefH5Qns69wqnd4OW
720__19C1ycWJnO35M6OtVoenZiU-XMztvIHP
720__9CzTtqLzoMPy22-FsEkDWtd28I2XUDGC
720__zNzIOsXfTbdVUVTQBKAD3DdPVps83qFK
920__95_1823250117

© 2022 TÜRKSOY - Барлық құқық сақталған