7RKsXzuAaHcF0iCtvjcGve2ozWI8PO-1500x800
6 августа 2025 г.

Бас хатшы Раев Түрікменстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ахмет Гурбановпен кездесті

6 августа 2025 г.

Бас хатшы Раев Түрікменстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ахмет Гурбановпен кездесті

Ортақ түркі әлемі мәдениеті және рухани мәдени мұра туралы іс-шара үшін арнайы Ашхабадқа барған Сұлтан Раев Түрікменстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ахмет Гурбановпен кездесті. Басқосуда Түркіменстан мен ТҮРКСОЙ арасындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелері талқыланды.

Тараптар мәдениет пен өнер саласындағы қарым-қатынастарды тереңдету, осы саладағы ғылыми зерттеулерді ынталандыру, өзара тиімді тәжірибе алмасуды арттыру, бірлескен іс-шаралар ұйымдастыру үшін қолайлы жағдайлар бар екенін мәлімдеді.

Мәдени ынтымақтастық түркітілдес елдердің саяси, дипломатиялық және сауда-экономикалық қарым-қатынастарын қалыптастыратын іргелі элемент екені атап өтілді.

Кездесу соңында Түрікменстан мен ТҮРКСОЙ арасындағы өнімді ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге екі жақтың ниеті расталды.

Медиа галереясы

7RKsXzuAaHcF0iCtvjcGve2ozWI8PO-1500x800

© 2022 TÜRKSOY - Барлық құқық сақталған